Қытайдың Янцзы өзенінде тасқынға қарсы шаралар күшейтіліп жатыр

Қытай билігі елдегі ең үлкен су жолы – Янцзы өзенінің бассейнінде су тасқынына қарсы шараларды күшейтіп жатыр. Алдағы жоспарларға су тасқынының алдын алуға кешенді дайындық жұмыстары кіреді, - деп жазды KAZINFORM.Қытай Халық Республикасының Су ресурстары министрінің орынбасары (СРМ) Чэнь Минь Янцзы өзені бассейндерінде және Қытайдағы үшінші ірі тұщы су көлі Тайхуда су тасқынына қарсы шараларды күшейтуге шақырды. «Су тасқынының алдын алу үшін жан-жақты дайындық жұмыстарын жүргізіп, осал жерлерді нығайту қажет», - деп келтіреді Хinhua агенттігі министр орынбасарының сөздерін. Қытайлық шенеунік жауын-шашынды болжау мен су тасқынын бақылау мүмкіндіктерін жақсартуды талап етіп, сондай-ақ су тасқынын азайту үшін гидротехникалық құрылыстарды үйлестірілген түрде пайдалану қажеттігін атап өтті. Ұзындығы 6 мың шақырымнан асатын Янцзы өзенінде Қытайдың миллиондаған халқы тұратын Чунцин, Ухань, Нанкин және Шанхай сияқты мегаполистері орналасқан. Янцзы өзені бойында қалыптасқан қалалық кластерлер үлесі Қытайдың жалпы ұлттық өнімінің 30%-дан астамына тең. Олардың ішінде Янцзы өзені аймағы – елдегі ең экономикалық дамыған аймақтардың бірі. 2021 жылдың соңына қарай Янцзы өзенінің экономикалық белдеуінің ЖІӨ 53 трлн юаньнан (7 трлн доллардан астам) асты.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстанда қатерлі ісікті ерте диагностикалауға арналған үш бірегей радиофармпрепарат шығарыла бастады
2025 жылы Қазақстанда тағы 10 жол ақылы болады
Әзербайжан Премьер-министрі Қазақстанның Бакудағы Елшілігіне барды
Жамбыл облысында ұрланған малдар иесіне қайтарылды
Оралда тұрғын үй ауласындағы шыршаны ұрлаған ер адам ұсталды (ВИДЕО)
Әзербайжан Премьер-министрі Қазақстанның Бакудағы Елшілігіне барды
Ақтөбеде жоғалып кеткен адам аман-есен табылды
Қазақстанда қатерлі ісікті ерте диагностикалауға арналған үш бірегей радиофармпрепарат шығарыла бастады
Харбин-2025: Қазақстан құрамасы Азия ойындарында қандай форма киетіні белгілі болды
Семейде жеке тұрғын үйде өрт шықты
2025 жылы Қазақстанда тағы 10 жол ақылы болады
Қостанай облысында жолаушылар мінген автокөлік қар құрсауында қалып қойды
Маңғыстау облысында 600 адам балық аулаумен айналысады
Атырауда балық шабақтары қырылып жатыр
IX Қысқы Азия ойындары: министрлік ұлттық құраманың спорттық формасын таныстырды
Қазақстанның 2024 жылғы ең үздік жас шахматшылары анықталды
Әнші Ернар Айдардың әкесі өмірден өтті
Қанат Шарлапаев Атыраудағы вагон жасайтын зауыттың қызметімен танысты
Жаңа жылдық жұмыс: Аяз ата мен Ақшақарлардың табысы қанша?
Мұрат Нұртілеу Кипрдің сыртқы істер министрімен сөйлесті
Ақтөбе облысының құтқарушылары далада адасып кеткен жұмысшыны бір тәулік бойы іздеді
Абай облысында үздік педагогтар марапатталды
Балалар колониясында шырша мерекесі өтті
Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік бастама бастау алды