Қытайлық жанкүйерлер Лионель Мессиге өкпелеп қалды

4 ақпанда Гонконгте өткен маусым алдындағы жолдастық кездесуде қытайлық жанкүйерлер Лионель Месси алаңға шыға алмағаны үшін америкалық «Интер Майами» командасын айыптады, - деп жазды KAZINFORM.Америкалық Интер Майами командасы өткен аптада Гонконгке келіп, тұрғындардың ыстық ықыласына бөленді. Бұл негізінен атақты жұлдыз Мессидің осы команданың мүшесі болуымен байланысты. Көптеген жанкүйерлер Мессиді алаңда тамашалауды асыға күтеді, сондықтан ойын билеттері ерте сатылып кетті. Ойынның билеттері өткен жылдың желтоқсан айында сатыла бастады, бағасы 880 Гонконг долларынан 4880 Гонконг долларына дейін (шамамен 113 АҚШ доллардан 624 АҚШ долларына дейін) болды. Жексенбі күні өткен «Интер Майами» мен Гонконг арасындағы жолдастық кездесуді барлығы 40 000 жанкүйер тамашалады. Жанкүйерлердің басым көпшілігі бұл жерге Мессиді өз көздерімен көру үшін келген. Алайда Месси ойынды толық өткізген жоқ. Спортшы пальтосын шешпей, бүкіл уақыт бойы шетте отырды және ойнауға ниеті болмады. Желіде тараған видеода, ойыннан кейінгі марапаттау рәсімі кезінде Мессидің марапаттарды тапсырып жатқан Гонконг үкіметінің шенеуніктерінен әдейі жалтарып, бұл шенеуніктермен қол алысудан немесе сөйлесуден бас тартқанын көрсетті. Месси тіпті матчтан кейінгі фотосессия кезінде камераға түспеу үшін ойыншының артына әдейі жасырынып қалған.Кейінірек Интер Майами бапкері Мессидің «жарақатқа байланысты» ойнай алмайтынын айтты. Мессидің өзі ешқандай түсініктеме бермеді және ойыннан кейін жанкүйерлермен кездесу өткізу туралы ұсынысты қабылдамады. Мессидің бұл әрекеті қытайлық жанкүйерлердің ашуын тудырды. Көптеген жанкүйерлер ойын алаңынан шығып бара жатып «Өтірікші» деп айқайлап, билеттерінің құнын қайтаруды талап етті. Қытайдың Гонконг қаласындағы БАҚ-тың хабарлауынша, 5-і күні түске дейін Месси алаңға шықпағаны туралы 38 шағым түскен, оның 29-ы жергілікті тұтынушылардан және 9-ы шетелдік туристерден, қайтару сұраудың жалпы сомасы 210 мыңнан астам Гонконг долларына таяу. Жолдастық кездесуге қомақты қаржылай демеушілік көрсеткен Гонконг үкіметі де өз наразылығын білдірді. Гонконг үкіметі, сондай-ақ, кейбір демеушілік қаражатты қайтарып алу мүмкіндігін қарастыратынын хабарлады. Оның Қытайдағы әрекетінен күрт айырмашылығы, Жапонияға келгеннен кейінгі Мессидің көзқарасы болды. Жергілікті уақытпен 5-і күні кешке Жапонияның Токио қаласына келген Месси әуежайда өзін қарсы алған жапон жанкүйерлерін күлімдеп, қол бұлғады. Сол күні Месси матч алдындағы баспасөз мәслихатына қатысып, «Мен Токиоға осы ойынға қатысу үшін келгеніме өте қуаныштымын», - деді.Шарт бойынша Интер Майами 7 ақпанда J-Лиганың Виссель Кобе командасымен ойнайды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
99 жастағы Малайзияның бұрынғы премьер-министрі жас көрінуінің құпиясын ашты
Жүрек ауруына әкеп соғады: жатын бөлмедегі жарық несімен қауіпті?
Астанадан 1 миллион текше метрден астам қар шығарылды
Бүгін тек бір қалада ауа сапасы нашарлайды
99 жастағы Малайзияның бұрынғы премьер-министрі жас көрінуінің құпиясын ашты
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Еліміздегі ардагерлік ұйымдар жастар тәрбиесіне басымдық беруде
Қарағандыда өрт шыққан ғимарат жарылып кете жаздады
Биыл қазақстандықтар МӘМС есебінен 1 млннан астам қымбат зерттеулерден өтті
Соғым FEST: Астанада өткен жәрмеңкеде фермерлер 100 тоннадан аса ет ұсынды
Батыс Қазақстан облысында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды
“Сахнаға шығартпады“. Сырым Исабаевтың Қайрат Нұртаспен сыйыспай қалғаны рас па?
Фастфуд емес: ағзаның қартаюын тездететін тағамдар аталды
«Кабирханның інісі»: Дубайда өткен жарыста қазақ сәйгүлігі бірінші келді (ВИДЕО)
Абай облысында екі ауылдың 28 отбасы қоныс тойын тойлады
Көктайғақтан Қарағанды-Астана бағытында 700-тен астам көлік жолда тұрып қалды
“Аса қауіпті“. Қандай адамдарға моншаға баруға болмайды?
Ішімдікке сылқия тойып алған жас жігіт көлік ұрлап, жол апатын жасады
Теміртау маңында 700-ден астам көлік жолда қалып қойды
Ұйықтар алдында мандарин жеуге бола ма?
Қатты желден жүк көлігінің тіркемесі аударылып кетті
Астанадан 1 миллион текше метрден астам қар шығарылды
Жүрек ауруына әкеп соғады: жатын бөлмедегі жарық несімен қауіпті?
Алаш қозғалысының тарихына қатысты архив материалдарының жинағы жарық көрді