Қыздар төбелесіне не себеп?

Бұрын ер балалар төбелесті десе жанұшыратын едік, қазір өрімдей қыздар одан зорын жасап жүр. Сөздері жараспаса бірін-бірі балағаттап, одан қалды шаш жұлып, керек десең, аяусыз ұрады. Ол ол ма, оны видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаудан жасқанбайды. Бұрымдылардың дәл бұлай бұлдануына не себеп? Қит етсе жұдырығын ала жүгіретін нәзік жандылар туралы мамандар не дейді? Аружан Задабектің материалын көріңіз. Әлеуметтік желіде бірнеше қыздың төбелесіп жатқан видеосы тарады. Онда хиджаб киген екі оқушы бір бойжеткенді тепкінің астына алғанын көруге болады. Оқиға Дағыстан астанасы Махачкалада болған. Соңғы кезде әлеуметтік желіде осыған ұқсас түрлі сұмдық тарап жатыр. Бұл жұртшылықты дүрліктіріп қойды. Жеткіншектердің есіруіне, тым қатыгездігі мен жауыздығына, бір-бірін өлтіруіне не себеп? БЛИЦ-ОПРОС: - Тәрбие жоқ. Үйде, бүкіл жерде. Ұлдар да жаман, қыздар да онша емес. Сондай заман болды. - Жігітке таласады деп ойлаймын. Көшеде көріп жатамыз төбелесіп жатқандарын. Ұят! - Ол көбінесе буллингтің әсерінен болады деп ойлаймын. Бір-бірін кемсіту, әлеуметтік дәрежесінің теңеспегенінен. Өздерінің ішіндегі бір белгісіз себептен болатын жақтырмайтын әдеттен болады деп ойлаймын. Қыздар арасында мұндай жағдай «өтпелі» кезеңде жиі болады. Олар өз қатарластарының арасында мықты болып көрінгісі келеді. Сөйтіп ашу-ызаға жиі бой алдырады. Психологтар бала бойындағы «қатігездіктің» пайда болуына ата-ананың тікелей қатысы бар, -дейді. Анаргүл ИБРАЙЫМБЕКОВА, ПСИХОЛОГ: Балаға ата-ана ашумен жауап қайтаратын болса, ұрысу арқылы, ұру арқылы, осы арқылы бала іштей қорқып қалады. Одан кейін күші жеткен адамдарға өз күшін көрсете бастайды. Яғни, өз-өзіне мен күштімін дегенді дәлелдегісі келеді. Одан кейін барлық адамдарды жау ретінде көре бастайды. Сондықтан да агрессия орын алып жататын жағдайлар көп боп жатады. Елімізде буллинг сөзі заңнамаға былтыр мамыр айында ғана енді. Оған дейін бұл ұғым ешқандай құжатта бекітілмеген еді. Сондықтан елде нақты қанша бала мен жасөспірімнің әлімжеттікке ұшырайтынын тап басып айту қиын. Кәмила ОМАРОВА, АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ: Қандай тәрбие көріп шығады, содан да болады. Кейбір балалар борлады, ата-анасы барын беріп, тәрбиелеп шығарса да бұзылып кететін балалар болады. Ер азаматтар болсын, қазір қыздарды көріп жүрмін. Көшеде тұрады, ұят, тіпті. Көрдім талайын. Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ: Бұрын ер балалар бір-бірінен ақша талап ететін. Қазір бопсалауға бұрымдыларда білек сыбана кіріскен секілді. Салдары кикілжін мен ұрыс-керіске алып келеді. Осындайда «Ұлтыңды сақтаймын десең, қызыңды тәрбиеле» деген сөз еске түседі. Қалай десек те нәзік жаратылыс иесіне төбелес жараспайтын қылық.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Биік болсаң таулармен теңесіп көр
Ақтаудағы Президент резиденциясының орнына не салынады?: 13 желтоқсан 2024, 13:12 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Атырау ауруханасында 10 айлық сәби көз жұмды
АУДАН АЖАРЫ АЙШЫҚТАЛЫП КЕЛЕДІ
2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты: Қазақстанның қарсыластары анықталды
"Реал" шабуылшысы Килиан Мбаппе жарақат алды
Мас күйде рульге отырған 47 жүргізуші жазадан құтылмады
Алматыда «Француз үйі» атауы заңсыз пайдаланылғаны анықталды
Франсуа Байру Францияның жаңа Премьер-министрі болып тағайындалды
Алматыда «Мемлекеттік қызмет» музейі жаңа форматта ашылды
Шерзат Полаттың әкесіне қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды
Алматыда автобустың жол жүру уақыты қысқарады
Қаңтардан қаңтарға дейін...
Шымкентте күн күрт суытады, Алматы мен Астанада қар жауады
«Муфаса. Арыстан патша»
Терроризм туралы жалған хабарлама таратқандар қатаң жазаланады
Ақтөбе облысында 500 тұрғын үй салынды- қорытынды жаңалықтарда (13.12.2024)
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
"Тіл – тәуелсіздік тұғыры": елордада мерекелік іс-шара өтті
Астанада қала ішіндегі мұз айдыны қашан ашылатыны белгілі болды
Теміртауда 6 жастағы бала суға кетіп, көз жұмды
Алимент төлеуден жалтару деректері бойынша 20 қылмыстық іс қозғалды
Алматы - арман қала: шаһарға келген туристерді не қызықтырады
Алматы метросында қаза тапқан жігіт жайлы деректер пайда болды