Қызғалдақ жұлғандарға 10 млн теңге айыппұл салынады

Түркістан облысында «Қызыл кітапқа» енген ерекше қорғаудағы қызғалдақтарды жұлған жағдайда заңмен жазаланады, деп хабарлайды BAQ.KZ.Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы мен мен қорыққа шекаралас аймақтарда ерекше қорғалған «Грейг» және «Кауфман» қызғалдақтары бар. Бұл қызғалдақтардың гүлденуі сәуір айының аяғында басталып, мамыр айының алғашқы он күндігіне дейін жалғасады. Қызғалдақты облыс тұрғындары мен қонақтары, туристер арнайы келіп көруге болады. Бірақ жұлуға қатаң түрде тыйым салынады. Жойылып кету қауіпі бар қызғалдақ түрлерін жұлған жағдайда ҚР Қылмыстық кодекстің 339-бабымен іс қозғалып, 3000 АЕК (10 350 000 тг) дейін айыппұл салынады. Сондай-ақ, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейін айырылады. Сондықтан жұлмаңыздар. Керісінше оны брендке айналдыруымыз тиіс. Бұл өсімдік біздің қасиетті даламыздың байлығы мен жеріміздің ерекшелігі,-дейді Ақсу Жабағылы мемелекеттік табиғи қорығының ғылыми қызметкері Сматулла Джуманов. Өсімдікті көргісі келетін азаматтарға арнайы гид қызметкерлері көмектеседі. Айта кету керек, Түркістан облысында өсімдіктің 5000-ға жуық түрі бар. Соның ішінде Ақсу Жабағылы қорығында жоғары сатыдағы өсімдіктердің 1300 түрі болса, «Қызыл кітапқа» енген 48 түрі кездеседі.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Орталық Азияда ең қымбат футболшы кім?
8 жасар қазақ баласы шахматтан Азия чемпионы атанды
«Қара тауымыз құлады»: Берік Уәли өмірден өткен әкесіне жүрекжарды жазба арнады
COVID-19 вирусы күллі әлем бойынша жеті млн-нан аса адамның өмірін жалмаған
Алматыда танымал дзюдошы Асхат Жіткеев сотталғандармен кездесті
Қазақ боксы өзбектен бір саты төмен тұр
Отандық дизайнер алматылық жастарға қолдау көрсетуде
Наурызбай ауданы қалай өзгеруде: аулаларды абаттандырудан бастап замануи жаяу жүргіншілер аймақтарына дейін
Өмірдің мәні неде?
Енді су үнемдейтін технологияларды пайдаланатын дихандар суармалы суға аз төлейді
Пластиктен сабын жасауға болады
Асату...
Теңгеден күш кетті...
Масктың байлығы 400 миллиард доллардан асты!
Алматыда «Экологиядағы инклюзия – Жаңа жылдық ғажайып» акциясы жалғасуда
Электрондық еңбек биржасында белсенділік төмендеген
Алматыда 12 желтоқсанда Абай даңғылы мен Сәтбаев көшесінде қозғалыс шектеледі
Қуысқа қыстырылып қалған тиін...
Астаналық әйел Жұлдыз Әбдікәрімованы сотқа берді
Жыл қорытындысы: Өнеркәсіптік жаңғырту және отандық өндірушілерді қолдау – экономикалық тұрақты өсудің негізі 
Ұлытау облысында жаңа мектеп салуға 1,2 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді
Алматы әкімдігінде Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау алдын ала қорытындыланды
Ұлттық банк алаяқтар туралы айтты
"Дарын" жастар сыйлығы жеңімпаздарының тізімі жарияланды