Қазақстандық танымал тележүргізуші Айгүл Мүкей әріптесі Динараға Сәтжанға сұхбат беріп, өз өміріне қатысты ел білмейтін бірқатар жайтты ақтарды. Ақпарат өкілі мінезі қатал екенін айтып, жолдасымен алғаш танысқан кезін есіне алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Айгүл Мүкей өз отбасында да, жұмысында да қаталдау адам екенін жасырмады. Ақпарат өкілі тіпті күйеуіне оның жүрегін жаулау қиынға соққанын айтты."Негізі мен қатал адаммын. Өз балаларыммен де, студенттеріммен де қаталмын. Бірақ, ашуым да, ренішім де тез басылады. Бәрін тікке айтамын, ішімде кек сақтамаймын. Мен жолдасыммен алғаш танысқан кезде де салқындық таныттым. Бірден жіби қоймадым", - деді тележүргізуші.Оған қоса, Айгүл Мүкей отағасының қызғаншақ екенін жеткізді. Ол күйеуін тіпті қызғандыруға да талпынбайды екен. "Мен жолдасымды қызғандыру үшін жалған хикаяларды ойластырмаймын. Себебі, күйеуім онсыз да қызғаншақ адам. Ол менсіз-ақ өзі бәрін құрастырып, ойластырып алады. Бірақ, үйде қатып қалған бір қағида жоқ. Мен үйге одан бұрын келуім маңызды, әрине. Мысалы, бүгін тоғызда үйге қайтуым керек. Бірақ, кейде менде түсірілім болып қалады. Ондайға түсіністікпен қарайды, жұмысымды жақсы біледі" , - деді Мүкей. Тележүргізушінің күйеуі тікелей эфирге өзі келмесе де, әйеліне гүл шоғын жіберіп қуантқан.