Қызмет бабында қаза тапқандардың отбасыларына енді баспана беріледі. Бүгін Мәжіліс тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша заңды екінші оқылымда қабылдады. Жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери борышын өтеу кезінде қаза тапқан адамдардың жанұяларын тұрғын үймен қамтамасыз етуге міндеттеледі. Қызметкер қайтыс болған күннен бастап бір жылдан кешіктірмеуі тиіс. Сондай-ақ заңға сәйкес халықтың әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған топтарының тізімі кеңейтіледі. Бұда былай «Жесірлер» санаты жеке тәуелсіз санатқа бөлінеді. Бұл түзетулер асыраушысынан айырылғандардың мүдделерін қорғау үшін енгізілуде. Азаматтар жалғыз баспанасы апатты деп танылған үйлердің орнына берілген тұрғын үйлерді де жекешелендіруге мүмкіндік алады. Ұлықбек ТҰМАШИНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:Бүгінгі күнде 51 мың отбасы жалдамалы пәтерде тұрып жатыр. Ол «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 2017 жылдан басталған болатын. Сондықтан осы заң аясында олар сол тұрып жатқан пәтерлерін жекешелендіру құқығы берілетін болады. Бұрын ондай құқық болмайтын. Елімізде Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы құрылады. Осы мақсатта «Отбасы Банкі» ұлттық даму институтына айналады. Енді тұрғын үйді орналастыру, есепке алу және бөлу функциялары жергілікті атқарушы органдардан дәл осы институтқа беріледі. Ұлықбек ТҰМАШИНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:Бүкіл кезектің бәрін жергілікті атқарушы органдардан «Отбасы банкке» беріледі. Ол бір-ақ жерде болады. Өйткені, қазір, міне, 650 мың адам тұр дейді. Саны бары – бар. Ал егер зерттеп қарасаң, ол жерде ондай адам жоқ. Жартысы кетіп қалғандар бар, үй алғандар бар. Сондықтан қазір баспана беретін орталық бекітеді элеткронды түрлде. Одан кейін заңбұзушылық болмайды.