Қызмет бабында қаза тапқандардың отбасыларына баспана беріледі

Қызмет бабында қаза тапқандардың отбасыларына енді баспана беріледі. Бүгін Мәжіліс тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша заңды екінші оқылымда қабылдады. Жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери борышын өтеу кезінде қаза тапқан адамдардың жанұяларын тұрғын үймен қамтамасыз етуге міндеттеледі. Қызметкер қайтыс болған күннен бастап бір жылдан кешіктірмеуі тиіс. Сондай-ақ заңға сәйкес халықтың әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған топтарының тізімі кеңейтіледі. Бұда былай «Жесірлер» санаты жеке тәуелсіз санатқа бөлінеді. Бұл түзетулер асыраушысынан айырылғандардың мүдделерін қорғау үшін енгізілуде. Азаматтар жалғыз баспанасы апатты деп танылған үйлердің орнына берілген тұрғын үйлерді де жекешелендіруге мүмкіндік алады.  Ұлықбек ТҰМАШИНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:Бүгінгі күнде 51 мың отбасы жалдамалы пәтерде тұрып жатыр. Ол «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 2017 жылдан басталған болатын. Сондықтан осы заң аясында олар сол тұрып жатқан пәтерлерін жекешелендіру құқығы берілетін болады. Бұрын ондай құқық болмайтын. Елімізде Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы құрылады. Осы мақсатта «Отбасы Банкі» ұлттық даму институтына айналады. Енді тұрғын үйді орналастыру, есепке алу және бөлу функциялары жергілікті атқарушы органдардан дәл осы институтқа беріледі. Ұлықбек ТҰМАШИНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:Бүкіл кезектің бәрін жергілікті атқарушы органдардан «Отбасы банкке» беріледі. Ол бір-ақ жерде болады. Өйткені, қазір, міне, 650 мың адам тұр дейді. Саны бары – бар. Ал егер зерттеп қарасаң, ол жерде ондай адам жоқ. Жартысы кетіп қалғандар бар, үй алғандар бар. Сондықтан қазір баспана беретін орталық бекітеді элеткронды түрлде. Одан кейін заңбұзушылық болмайды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Осылай бірге жүріңдерші»: жұрт Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімоваға бақыт тіледі
«Жүрегім бос»: Қуат Хамитов қандай жар іздеп жүргенін айтып берді
«Жағдайы» ауыр». Шыршаны безендіру кезінде құлаған мұғалім жайлы досы мәлімет берді
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ұлытау облысына іс-сапармен барды
Сізді күннен күнге бақытсыз ететін 3 әдет
Дәрігер ауыз қуысынан көрінетін қант диабетінің белгісі туралы айтты
23 желтоқсанда ауа райы қандай болады?
Қарағандыда қалың қардан жүк көлігі жолдың шетіне шығып кеткен
«Осылай бірге жүріңдерші»: жұрт Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімоваға бақыт тіледі
Атырауда 62 ерлі-зайыпты ажырасуға арыз беріп, кейін татуласып кеткен
АЛМАТЫ ТҰРҒЫНДАРЫ ДӘН РИЗА
Қостанайда қар құрсауында қалған балықшылар құтқарылды
«Мені өлді деп ойлаған»: Жұлдызай Дүйсенбиева басынан өткен жағдай туралы айтты
Шымкенттік дәрігер республикада үздік атанды
Қазақстанның үш каратэшісі әлем үздіктерінің қатарына енді
Тұман, бұрқасын, жел: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген ер адам БАӘ-ден Қазақстанға жеткізілді
Азамат Дәулетбеков өзбек балуанын жеңіп, халықаралық турнирдің чемпионы атанды
Атырауда шаруалар облыс әкімдігі ғимаратының алдында тентіреп жүр
"Жүрегім бос": Қуат Хамитов болашақ жарына қатысты талаптарын айтты
Заңға енгізілген түзетулер: Бұрынғы президенттер туралы ақпарат неге құпия саналатын болды?
Оралда жолаушылар автобусы өртенді
Боран болады: 23 желтоқсанда ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды
Қарағанды облысында көліктен 13 қап марихуана тәркіленді