"Қызметіме спорттың көмегі көп", - полиция қызметкері

Қоғамның тыныштығын күзетіп, өзгелердің қауіпсіздігі үшін өз басын қатерге тігіп жүрген полицейлердің еңбегі ерен. Олар кез келген уақытта сапқа тұрып, қызметке кірісе кетеді. Жұмысына берілген тәртіп сақшылардың қатарында елордалық Мұрат Әбшекенов те бар. Ол қызметте ғана емес, сондай-ақ спортта да үздіктер қатарында. Мұрат Әбшекенов полиция қызметінде 10 жылдан бері жұмыс істейді. Ол бала күнінен спортпен шұғылданып, әлі күнге шаршы алаңда да, боз кілемде де күш сынасады. Тәртіп сақшысы кикбоксинг, джиу-джитсудан Қазақстанның екі мәрте чемпионы атанған. Оның айтуынша, қазіргі ісіне спорттың көп көмегі тиеді. Мұрат ӘБШЕКЕНОВ, ЕСІЛ АУДАНДЫҚ ПБ КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ: Спортпен шұғылданғанның пайдасы өте көп. Кейбір қылмыскерлер қашады. Оны қуу керек. Өз-өзін қорғау бар. Прием боевой самбо дейді ғой, приемдарды қолдану өте қажетті болады. Өз-өзіне жауап беру, сол кезде жұмыста да, өмірде де керек болады. Жұмыста да, спортта да үздік болудың сыры отбасы мен жақындарымның арқасы, дейді полицей. Сондай-ақ әріптестердің де жылы қабақ танытып, сенім артуы да күш беретінін айтады. Тимур НИКИФОРОВ, ЕСІЛ АУДАНДЫҚ ПБ КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ: Жұмыста жоғары тәжірибеге ие сауатты қызметкер. Кез келген мәселеде дұрыс шешім қабылдай алады. Ол барлық тапсырмаға жоғары жауапкершілікпен қарайды. Өте табанды мақсат қоя білетін жігіт. Қиын жағдайларда ұстамдылық танытады. Ұжымда сыйлы, қарапайым, адамгершілігі мол азамат деп толық айта аламын. Спорттан қол үзбей келе жатқан Мұрат Саматұлы жуырда ғана «Бірлік жүгірісі» марафонына қатысып, 21 шақырым қашықтықты еңсерді. Аз сөйлеп, көп іс тындыратын ол спортта да, қызметте де біраз шыңды бағындырған.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қызылордада кірпіш зауытының құрылысы басталды
80 мың теңге пара алған колледж директоры 2 млн теңге айыппұл төлейді
«Дұшпандарға да мереке сыйлап тұру керек». Мақпал Жүнісова хейтерлерге жауап берді
«Қой сойып, кейіпкерімді шығарып саламын»: актер Шәріп Серік кинодағы ауыр рөлдері туралы айтты
Рейсті 15 сағат кешіктірген «Эйр Астанаға» айыппұл салынды
«Түнгі жүгіріс»: елордада өткен іс-шараға 1500 әуесқой қатысты
Қостанайда ит қапқан 13 адамнан құтыру диагнозы анықталды
Ақтөбе облысында жол апатынан бір адам қаза тапты
Дубай шоколады аллергиясы бар адамдар үшін қауіпті болуы мүмкін
Тұман түсіп, жел тұрады: 24 қарашаға арналған ауа райы болжамы
Ақтауда екі көлік соқтығысып, бірнеше адам зардап шекті
24 қарашаға арналған ауа райы болжамы
Семейде Абай атындағы ғылыми-мәдени орталық ашылды
Ш. Уәлиханов атындағы №12 гимназия 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Ультрадыбыстық зерттеу денсаулыққа зиян келтіретіні рас па?
Елімізде жалға берілген пәтерді жекешелендіруге рұқсат етіледі
XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің қазылар алқасының 70%-ы - шетелдік сарапшылар
Қазақстандық аграрлық ЖОО Ресей университеттерімен ынтымақтастықты күшейтеді
Артық салмақ қосып алмас үшін кешкі асқа не жеу керек?
«Тіл мәселесін түзеуді балабақшадан бастауымыз керек»: Белгілі актер тіл мәселесін сынға алды
Таразда прокуратура қызметкері ұсталды