"Қызметіме спорттың көмегі көп", - полиция қызметкері

Қоғамның тыныштығын күзетіп, өзгелердің қауіпсіздігі үшін өз басын қатерге тігіп жүрген полицейлердің еңбегі ерен. Олар кез келген уақытта сапқа тұрып, қызметке кірісе кетеді. Жұмысына берілген тәртіп сақшылардың қатарында елордалық Мұрат Әбшекенов те бар. Ол қызметте ғана емес, сондай-ақ спортта да үздіктер қатарында. Мұрат Әбшекенов полиция қызметінде 10 жылдан бері жұмыс істейді. Ол бала күнінен спортпен шұғылданып, әлі күнге шаршы алаңда да, боз кілемде де күш сынасады. Тәртіп сақшысы кикбоксинг, джиу-джитсудан Қазақстанның екі мәрте чемпионы атанған. Оның айтуынша, қазіргі ісіне спорттың көп көмегі тиеді. Мұрат ӘБШЕКЕНОВ, ЕСІЛ АУДАНДЫҚ ПБ КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ: Спортпен шұғылданғанның пайдасы өте көп. Кейбір қылмыскерлер қашады. Оны қуу керек. Өз-өзін қорғау бар. Прием боевой самбо дейді ғой, приемдарды қолдану өте қажетті болады. Өз-өзіне жауап беру, сол кезде жұмыста да, өмірде де керек болады. Жұмыста да, спортта да үздік болудың сыры отбасы мен жақындарымның арқасы, дейді полицей. Сондай-ақ әріптестердің де жылы қабақ танытып, сенім артуы да күш беретінін айтады. Тимур НИКИФОРОВ, ЕСІЛ АУДАНДЫҚ ПБ КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ: Жұмыста жоғары тәжірибеге ие сауатты қызметкер. Кез келген мәселеде дұрыс шешім қабылдай алады. Ол барлық тапсырмаға жоғары жауапкершілікпен қарайды. Өте табанды мақсат қоя білетін жігіт. Қиын жағдайларда ұстамдылық танытады. Ұжымда сыйлы, қарапайым, адамгершілігі мол азамат деп толық айта аламын. Спорттан қол үзбей келе жатқан Мұрат Саматұлы жуырда ғана «Бірлік жүгірісі» марафонына қатысып, 21 шақырым қашықтықты еңсерді. Аз сөйлеп, көп іс тындыратын ол спортта да, қызметте де біраз шыңды бағындырған.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Шомылу маусымы кезеңіндегі қауіпсіздік пысықталды
Айзада Құрманова мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды
Шығыс Қазақстанда жер сілкінді
Жерді заңсыз пайдалану, атыс қаруын сақтау, жеңгетайлық: Түркістан облысында ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды
Қостанайда ҚТЖ лауазымды тұлғалары жемқорлық үшін сотталды
Ақтөбеде жүргізуші кәмелетке толмаған велосипедші баланы қағып кетті
Шегірткемен күрес. Химиялық өңдеуге жататын аумақ көлемі 5 есе артты
Жалған полицейлер үйлерді аралап, тұрғындардың жеке куәлігін тексерген
Бишімбаев сотында прокурор болған Айжан Аймағанова тағы бір қайғылы оқиға жайлы айтты
Елімізде "Ұлы дала тарихының жазба мұралары" көрмесі өтті
Антикор Қостанай облысында ҚТЖ қызметкерлері неге сотталғанын айтты
НЗМ оқушысын өлтіруге оқталған: Қыздың жағдайы ауыр
Ақтөбе облысында психологтар неге тапшы?
Туристер мінген автобус апаты. "ҚазАвтоЖол" ресми мәлімдеме жасады
Қостанайда ҚТЖ лауазымды тұлғалары жемқорлық үшін сотталды
"Жол бермеген". Ақтөбеде жүргізуші кәмелетке толмаған баланы қағып кетті
Турбуленттік: Доха – Дублин бағытындағы ұшақтың 12 жолаушысы жарақат алды
Жәнібек Әлімханұлы аңызға айналған Мухаммед Алидің жолын қайталамақ
Украинада айына 24 мың Ресей әскері мерт болады немесе ауыр жарақат алады
Шығыста күн суытып, үсік жүреді
Сарапшы неге әскерде әлімжеттік кең тарағанын түсіндірді
Ақтөбеде рұқсатсыз жұмыс істеген ветеринарлық зертхана анықталды
Ақтөбеде ветеринарлық зертхана рұқсатсыз жұмыс істеген
Астанада оқушы қызға қастандық жасалған: Назарбаев мектебі мәлімдеме жасады