АҚШ ғалымдары шамадан тыс қызыл ет тұтыну II типті қант диабетінің дамуына әкелетінін анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The American Journal of Clinical Nutrition журналына сілтеме жасап хабарлайды.Зерттеуді Гарвард қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің мамандары 36 жыл бойы жиналған 216 мың қатысушының диетасы туралы мәліметтерді талдай отырып жүргізді. Зерттеу барысында 22 мыңнан астам қатысушының II типті қант диабетіне шалдыққаны белгілі болды. Қызыл етті көп тұтынатынлардың қант диабетімен ауыру қаупі 62 пайызға жоғары екені анықталды. Зерттеу жетекшісі, эпидемиолог және диетолог Уолтер Виллетт қант диабетінің қаупін азайту үшін аптасына тек бір порция қызыл ет жеуге кеңес берді. Сонымен қатар, американдық ғалымдардың зерттеуіне сәйкес, егер сіз күніне бір порция қызыл еттің орнын ақуыз, жаңғақтар немесе бұршақтар, өсімдік көзімен алмастырсаңыз, қауіп 30 пайызға төмендейді.