Қызыл жіп арқылы жігіттің басын айналдыруға болады

Қызыл жіп тағып жігіттің басын айналдыруға, қайшы арқылы қарым-қатынасты жөндеуге болады. Әлеуметтік желіде балгермін деген білгіштер бұрымдыларға бал ашып, жігітті уыста ұстаудың түрлі әдісін айтады. Тіпті, болжамсыз бір қадам да аттап баспайтын кейбір арулар көріпкел жағалап, мәселесін осы жолмен шешуді жөн көреді. Әріптесім Аружан Задабек балгерге барып та, өзі балшы болып та көрді. Сюжет көрейік.Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ: Әулие, көріпкел, құмалақшы. Бүгінде тылсым күштің иесімін деп адамды алдайтындардың дәурені жүріп тұр. Олар кезіккен адамына сені мазалаған мәселе бар деп, әбден сеніміне кіріп алады. Ал, біздің халық бақсы-балгерлерге сене ма екен? Мен дәл қазір экспертимент жасап көремін. Келбетім мен киімім көріпкелге ұқсамаса да нәтиже көп күттірмеді. Бірі «сандырақ» сөзге сенбесе, енді бірі... - Бір қара магия сияқты түсіп тұр да. Бірақ ол сіздің танысыңыз. – Сосын? – Абайлаңыз, байқап жүріңіз, оқытылып жүріңіз! – Жарайды, Алла разы болсын! – Денсаулығыңызбен ешқандай проблема жоқ па? - Жоқ, бәрі дұрыс. - Отбасыңызда ұрыс-керіс? – Жоқ, Неге? - Оқытылып жүріңіз жақсы ма? Шашы ұзын, қара-торы, көзі қара, домалақ қыз. – Жоқ, ондай қыз жоқ сөйлесіп жүрген. Эксперимент екінің бірі балгер бола алатынын көрсетті. Тек адамның сеніміне кіріп, «сені мазалаған мәселе көп» десеңіз жеткілікті. Ол қисынсыз сөзіңізге «құдайдай» сеніп, соқыр сенімнің жетегінде қалай кетіп қалғанын байқамай қалады. Ендігі кезекте, жарнамасы жер жарған шаһардағы «шын» бақсының өзіне барып, болашақты болжатып көргім келді. Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ: Көріпкелге көрінгісі келетіндер қатары көп екен. Алдын-ала хабарласып, жазылу – міндетті. Айтқан мекенжайға келдім, оператормен осы жерде екіге бөлінеміз. Өйткені көріпкел күдіктенбес үшін ішке жалғыз кіруім керек. Көз тиіп қалған үлкен әйелдің. Горчица бар ғой кәдімгі, сосын бір пачка ішетін шәй әкелесің. Дем салып беремін, үш күн дем салсам жап-жақсы боп кетесің. Ә дегеннен әңгімені «саған көз тиген» деп бастады. Бірақ маған қажет ақпарат бұл емес. Балгерге жігіт қаратудың жолын айтыңыз дедім. Сыртыңнан айттырып жүргендер бар ғой уже. Білесің ба? Ауызбен айтып емес, кәдімгідей айттырып тұр біреулер. Пайда болады деп тұр. Қатты біреу пайда болады. Көріпкел сүйгеніме қосылудың бірнеше тәсілін айтты. Орындасаң, жігіттердің көзі сенен өзге ешкімді көрмейді - деді. Айтқанына сенгім-ақ келеді. Бірақ естеріңізде болса осыдан бірнеше ай бұрын осындай балгердің былығын ашпақ болып «тұрмысқа шыққым келеді» деп өтініш айтқанмын. Ол да дегенімді істесең, тілегің қабыл болады деп уәдені үйіп төкті. Бірақ содан бері екі айдан асты, нәтиже жоқ. Психолог Балабек Сақтағанов адамдар көріпкелдің алдына өмірден соққы алып, өзегі талғанда, байлығынан айырылып, бақытын жоғалтқанда баратынын айтады. Басына түскен проблемаларды осылайша жеңілдетеді дейді. Балабек САҚТАҒАНОВ, ПСИХОЛОГ: Мұндай әрекетке баратындар өзіндік мені төмендеген, ортада өзінің мүмкіндігін толық түсіндіре алмайтын, өз-өзіне сенімсіз адамдар және де азғантай ғана күш жұмсап, өзінің мақсаттарына қол жеткізгісі келген, арам ойдағы кейбір азаматтар осындай жаман тірліктерге барып жатады. Ал, дін өкілдері ашылмай жүрген бағыңызды «ашып», болашақ жарыңызды «тауып», ауырған басыңызды «жазып», сүйгеніңізді құрыққа түсіремін дегендерден аулақ болуға шақырады. Әділхан СЕРІКБАЙ, «ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНІҢ НАИБ ИМАМЫ: Сиқырлау бар екендігі жайлы осы «Фәлақ» сүресінде де айтылған. Алла тағаладан, «Алла, түйіндерге түйін жасап, адамдарға бір сиқыр жасайтындардың сиқырынан мені сақтай гөр» деген мағына. Сондықтан осы «Фәлақ» сүресін және «Нас» сүресін оқып, сиқырлардан арылуға болады. «Бір білгені бар-ау» деп жанына жұбаныш іздейтіндер жиі кездеседі. Көріпкелге баруды әдетке айналдырып алғандай. «Болжағыштарға» барын беріп, бармақ тістеп қалмас үшін, көріпкелге құрық салатын заң керек дейді мамандар. А. Задабек

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматыда күніне 160 жұп некесін қияды
Биыл су қоймаларына 75 млрд текше метрден астам су жиналды
Қазақстанда 70 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
«Біз монополист емеспіз»
Тағы бір креативті хаб Ұлытау облысында ашылды
Шерзат Болаттың әкесі бостандыққа шығады
Шыршаны безендіру дау-дамайдан кейін Семейде әкім ауысты
Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады
«Орда» деп барып опық жеді
Қазақстан Климаттық инвестициялық қордың (CIF) таза технологиялар қоры (CTF) комитетінің мүшесі болып сайланды
Картоп көш бастап тұр...
«Халықтың экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы» бекітілді 
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Алматы қаласы үшін тұрақты көлік қаңқасын қалыптастыру
Минскіде Қазақстан мен Беларусь Бас штабтарының басшылары кездесті
Жасыл технологиялар – болашақтың негізі
Елімізде 70 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды
Депутат: Аспанның құдайы - Air Astana
Отау құрудан Алматы көш басында
Жұмыс орнында қызметкерлердің орындықпен қамтамасыз етілуі заңмен қадағаланады
Денсаулық сақтау министрі Алматы жұртшылығымен кездесті