Қызылжар өңірінде 12 тас жолды су басты. Қазір төртеуінде көлік қозғалысы шектелген. 87 елді мекенді су басу қаупі бар. Сала мамандары оларды бақылауға алған. Әсіресе Тайынша, Уәлиханов және Ақжар аудандарында қауіп басым. Мамандардың болжамынша, алдағы бірер күнде ауа райы күрт жылынып, қызыл судың көлемі артуы мүмкін. Осыған байланысты Түркістан облысының құтқарушылары Солтүстік Қазақстанға көмекке келмек. Барлығы 54 құтқарушы мен 12 арнайы техника жәрдемдеседі. Мұрат ҚАНҒОЖИНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТДЖ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:Төтенше жағдай департаменті және басқа да жауапты органдар тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. 5 ауданға қосымша күш қажет. Түркістандық әріптестерімізді Тайынша, Ғабит Мүсірепов, Айыртау, Темирязев аудандарына жібереміз.