Қызылжар өңірінде жыл басынан бері 200 ірі қарадан бруцеллез анықталған. Қазір мал арнайы алаңдарда сойылып жатыр. Ал иелеріне өтемақы төленуде. Қауіпті дерттің таралуының және адамарға жұғуының алдын алу мақсатында облыс бойынша 4 елдімекенде шектеу шаралары енгізілді. Дер кезінде диагностика жасау үшін қауіпті аймақтағы малдан 20 күн сайын сынама алынады. Аманжол НҰРТАЗИН, ОБЛЫСТЫҚ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ: Бруцеллез анықталған аумақтарда шектеу енгізілді. Ол дегеніміз – малды сыртқа және оның сүт-ет өнімерін өзге елді мекендерге шығаруға шектеу қойылды.