Қызылжар өңірінде былтыр 445 миллиард теңге инвестиция тартылып, жаңа рекорд орнады

Қызылжар өңірінде былтыр 445 миллиард теңге инвестиция тартылып, жаңа рекорд орнады. Елді нанмен қамтып отырған Солтүстік Қазақстан облысы бүгінде өзге де салаларды жетілдіруді қолға алған. Мәселен, аймақта ауыр машина жасау, ағаш өңдеу және электротехникалық қондырғыларды жасау ісі жолға қойылған. Өңірдің алпауыт кәсіпорындары қазір шетелдік нарықты жаулап жатыр. Петропавлдағы фанер комбинаты- елімізде ағаш өңдеу бойынша оқ бойы алға шыққан кәсіпорын. Зауыт солтүстікте өсетін аққайың ағашынан тақтайшалар жасап, оның 95 пайызын Еуропаға экспорттайды. Жылына 30 мың текше метр өнім өндіріледі. Кәсіпорын өндіріс үрдісін қалдықсыз етіп жасауды көздеген. Жуырда жаңа қондырғы алып, ағаштан тонналап қалған ұнтақтың барлығынан пеллет жасауды қолға алды.Айваз БАКИРОВ, ЗАУЫТ ДИРЕКТОРЫ:Өнім 100 пайыз қазақстандық шикізаттан жасалады. Қазір кәсіпорында 250 адам жұмыс істеп жатыр. Бұдан бөлек біз 40 кішігірім компаниялармен келісім-шарт жасасып, ағаш сатып алудамыз. Қазір дәл осындай екінші зауыт салып жатырмыз. Соның арқасында ағаш тақтайша өндірісін екі есе арттырамыз. Солтүстік Қазақстанда 2019 жылы «Қызылжар» арнайы экономикалық аймағы іске қосылды. Бұл жобаға енген кәсіпорындар 25 жылға салықтан босатылған. Басты мақсат – бизнесті қарқынды дамытып, халықты жұмыспен қамту. Осындай жолмен Петропавлда алып электротехникалық зауыт ашылды. Кәсіпорын 2,5 мың киловольттық трансформаторлар жасайды. Бүгінде өнімнің басым бөлігі шетел асып жатыр. Ерсұлтан ШӘМШИЕВ, ПЕТРОПАВЛ ЭЛЕКТРОТЕХНИКАЛЫҚ ЗАУЫТЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:Жұмыс процесі барысында қазақстандық материалдар үлесі 65 пайызға дейін жетеді. Еуропалық жабдықтардың арқасында сапалы өнім шығады. 2023 жылы біздің зауыт 8 миллиард теңгеге трансформатор өнімін шығарды. Биылға қойылған мақсат 11 миллиард теңгені өнімін шығару. Бүгінде аймақта өнеркәсіп саласына баса назар аударылған. Өңірде 610 кәсіпорын ісін дөңгелетуде. Блытыр жалпы көлемі 650 миллиард теңгенің өнімі өндірілді. Ильдар ЫСМАҒҰЛОВ, СҚО КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:Былтырғы жылы Солтүстік Қазақстан облысына 445 миллиард теңге инвестиция тартылған. Оның ішінде шетелген тікелей келген инвестицияның көлемі – 282 миллион доллар. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 3 есе көп. Бірер күн бұрын біз ел президентімен бірге Италияға барып, тағы 3 миллиард теңгеге келісім-шарт жасасып келдік. Жем-азық өндіретін зауыт биыл іске қосылмақ. Елімізде жол және құрылыс техникасын, энергетика саласына қатысты құрал-жабдық пен тағы басқа көптеген дайын өнімді шығару керек. Мұндай өндірістерді қазірден бастап қолға алмасақ, құрал-жабдық импортына толық тәуелді болуымыз әбден мүмкін. Бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев ел экономикасын ілгерілететін бағыттарды атап өтті. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:Елімізде өңдеу өнеркәсібінің басқа да болашағы зор салаларын дамытқан жөн. Сондай-ақ ішкі нарықтың сұранысын толық өтегеннен кейін бизнесті экспортқа шығуға бағыттау қажет. Мұндай қадам кәсіпкерлеріміздің бәсекеге қабілеті жоғары екенін көрсетеді. Бизнес өкілдерінің алдында инвестиция көлемін өсіріп, экспорттық әлеуетті арттыру межесі қойылды. Бұл орайда биыл Қызылжар өңірінде жаңадан 18 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Соның арқасында мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылмақ.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қызылорда қысқа дайын болмағаны ма?
Петропавлда екі адамнан шошқа тұмауы анықталды
Қалжыңдаймын деп айыппұл арқаламаңыз: ІІМ ескерту жасады
13 өңірге дауылды ескерту жарияланды
Жамбыл облысындағы шалғай ауылда жаңа мектеп ашылды
Қызыл және көк антифризді араластыруға бола ма? Автоэксперт жауабы
Қайтарылған активке мектеп салу: Тұрғындар не дейді
Қайтарылған актив: Ұлытауда 1,2 млрд теңгеден астам қаржыға мектеп салынады
Петропавлда екі адамнан шошқа тұмауы анықталды
16 желтоқсанда полиция күшейтілген режимде жұмыс істейтін болды
14 өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды
Илон Маск 439 млрд доллары бар алғашқы адам атанды
Қызылордада мал ұрлығын кәсіп еткен қылмыстық топ қолға түсті
Қар, тұман, жел: 12 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды
Тұман, боран: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
“Кей уағызшылардың көзін құрту керек“. Айқын Төлепбергеннің эксклюзив әңгімесі
Роботтар дәуірі басталды
Екі баланы қатар сүндеттегенде жасалатын ырым бар ма?
Қызылорда қысқа дайын болмағаны ма?
Қызылорда облысында есірткі зертханасы жойылды
Әскерден неге қаштың, бала батыр?
Бүгін 13 өңірде дауылды ескерту жарияланды
Алматыда демалыс күндерінің жәрмеңкелері модернизацияланды
Күйдіргіден қауіп көп