Қызылжар өңірінде қызылша жұқтырғандар күрт көбейді. Бір айда 3,5 есе артқан. Аймақта 2023 жылдың басынан бері қауіпті инфекцияға шалдыққан 403 науқас тіркелді. Оның 80 проценті -вакцина алмаған. Өңірде инфекцияға қарсы иммундау науқаны жалғасып жатыр. 16 мыңға жуық адам екпе салғызып үлгерген. Бүгінгі күні 32 науқас стационарлық ем қабылдауда, оның 23-і – бала. Ал жансақтау бөлімшесінде жатқан пациенттер жоқ, дейді сала мамандары. Нұржан ТАҒАНИЯЗОВ, СҚО ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Қызылша энцефалиті мен пневмания тіркелген жоқ. Облыс бойынша вакцина жеткілікті. 265 медициналық пункт бар, екпе алатын. Оның 37-сі осы Петропавл қаласында.