Қызылжар өңіріне биыл 84 миллиард теңге көлемінде инвестиция тартылған

Қызылжарда арнайы экономикалық аймақтың аясы кеңейіп келеді. Бүгінде оған 11 ірі кәсіпорын енген. Жалпы, өңірге құйылатын инвестиция көлемі жыл сайын артуда. Облысқа қаражат тарту жұмысы елдің оңтүстігінде де жолға қойылған. Аймақтардың инвестициялық әлеуеті туралы тілшіміз Абзал Құрманкин айтады.Астықты өлке болып саналатын Солтүстік Қазақстан соңғы жылдары өнеркәсіпке мейілінше бет бұрған. Екі жыл бұрын ашылған электротехникалық зауыт өңірдегі ірі жобалардың бірегейі. Өндіріс ошағында заманауи трансформаторлар шығарылады. Компания электр қондырғыларының тек құрастыруымен ғана айналыспай, бөлшектерді өзі өңдейді. Бүгінде кәсіпорын ішкі нарықты түгел қамтып, өз өнімін енді шетел асыра бастаған. Ерсұлтан ШАМШИЕВ, ПЕТРОПАВЛ ЭЛЕКТРОТЕХНИКАЛЫҚ ЗАУЫТЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ: Трансформатор өнімі толық шикізат келген сәттен өзіміз полный өңдеп, дәнекерлеп, сырлап, сымын толық өзіміз шығарып, 100 пайыз осы жерде өзіміз жасаймыз. Тоқсан пайыз біздің трансформаторлар Қазақстан республикасында қолданылады. Жалпы Солтүстік Қазақстан облысы биылдың өзінде 84 миллиард теңге инвестиция тартып, ел бойынша үздіктердің қатарынан көрінген. Бұған аймақта бірнеше жыл бұрын ашылған Қызылжар арнайы экономикалық аймағы мол септігін тигізді. Дархан ӘМРИН, СҚО КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Қызылжар арнайы экономикалық аймағында 11 қатысушы тіркелген. Оның екеуі іске қосылған: Class комбайндары мен трансформатор зауыты. Сондай-ақ, аймақта картон, кірпіш және дсп шығару зауыттарының құрылысы жүріп жатыр. Жалпы біздің аймақта шетелдік инвесторлар өте белсенді. Әсіресе, Германия, Ресей, Қытай және Түркия елдері теріскейде ірі кәсіпорындарын ашып жатыр. Қызылорда облысы да бүгінде шетелдік инвесторлардың қызығушылығын оятып отыр. Шыны зауыты 4 айда құны 6 млрд. теңгенің өнімін шығарған. Компания өз тауарын елімізден бөлек, Тәжікстан, Қырғыстан және Өзбекстан мемлекеттеріне экспорттайды. Жыл соңына дейін тағы 140 мың тонна өнім дайындалады деп күтілуде. Ринат СҰЛТАНГЕРЕЕВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Зауыт тарапынан жылдың аяғында осындай тағы өндірісті жалғастырып қосымша өндіріс орнату жөнінде бір инвест жобамыз бар. зауыттың айналасында бірқатар өндірістер түседі деп жоспарлап отырмыз. Ол ыдыстар шыныдан ыдыстар, автоәйнектер шығару өндірісі. Бұның барлығы уақыт қажет ететін жұмыстар. Шымкентте де шетелден инвестиция тарту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Мегаполистің іргесінде жалпы құны 27 млрд теңге болатын ірі жобаның құрылысы қолға алынды. Зауыт бүкіл әлемге танымал алкогольсіз сусындар шығармақ. Кәсіпорынның жылдық өндірістік қуаттылығы 262 миллион литр сусын. Құрылыс жұмыстары сәуір айында басталған. Ал алғашқы өнімін жуық арада шығаруды көздеп отыр. Эрдоған КЕТЕН, УЧАСКЕ БАСТЫҒЫ: 1.5 жарым ай болды бастағанымызға. 1,5 айдың ішінде котлован жұмыстары болды. Қазір бетон жұмыстарымыз жүріп жатыр. Жаңа жылдан кейін 3-4 –ші айларда , келесі жазда сусын шығарамыз, құдай қаласа. Айта кетейік, Шымкентте биыл жалпы құны 129 млрд. теңге болатын 49 инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Соның арқасында 2500 жаңа жұмыс орны ашылмақ.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Сенаторлар «Келешек» мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысты заңды мақұлдады
Қысқы серуен: Астанада қайда барып демалуға болады
Қабырғасы пластик фольгамен қапталған: есірткі өсірген қызылордалық 12 жылға сотталды
Алматы қаласы Мәслихатына жаңа депутат сайланды
Қазақстанға Starlink жабдығын әкелуге тыйым салынады
Енді Қазақстанда жазғы үйлердің аумағы 50 шаршы метрден аспауы тиіс
TikTok 2024 жылы: Қазақстандағы ең жарқын сәттер мен трендтер
Алматыда жастарға сейсмикалық қауіпсіздік туралы ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде
Қазақстанда ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты
Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде екінші орынға көтерілді
Тағы бір өңір ваучерлік қаржыландыру жүйесіне қосылды
Алматыда «Француз үйі» ТҮК сүріліп жатыр
Халықаралық жасөспірімдер арасындағы жаратылыстану-ғылыми олимпиадасында қазақстандық оқушылар 100% нәтиже көрсетті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу облысына барды
Алимент төлемеген 11 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды
«Үшеуі де ұл бала»: Павлодарда үшем дүниеге келді
Алматыда жаңа автобус бағыты ашылады
Олжас Бектенов Мәскеуде ТМД үкіметтері басшылары кеңесі отырысына қатысты
Қытайда 1500 м биіктікте "Аспандағы баспалдақ" аттракционы ашылды
Жібек Құламбаева Үндістанда өтіп жатқан турнирдің 1/4 финалына жолдама алды
Сенаторлар «Келешек» мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысты заңды мақұлдады
Доллар тағы қымбаттады
Жерасты жылыту газгольдері жанып, 850-ден астам адам эвакуацияланды
Кирилл Староверкин В тобында 9-сатыға тұрақтады