Қызылжар тұрғындары қолаңса иіске тұншығып отыр,-деп хабарлайды Astana TV. Нәжіс жиналатын көлдің мұзы еріп, қолқаны қабатын сасық иіс қаланы алды. Экология департаментінің мамандары ауаның құрамын тексеріп, күкіртсутек көрсеткішінің нормадан 1.5 есе артық екенін анықтады. Талапқа сәйкес бір шаршы метрде аталған химиялық заттың көлемі 8 микрограмнан аспауы тиіс. Жалпы, Петропавлда бұл жыл да қайталанатын мәселе. 2021 жылы кәріз суына жауапты Қызылжар су серіктестігі көлге арнайы балдырларды жіберген. Хлорелла деп аталатын өсімдік нәжісті өңдейтін көрінеді. Сала мамандары биологиялық процестің бірнеше жылдан кейін айтарлықтай нәтиже беретініне сенімді. Александр РЕЙБАНДТ, СУДЫ ЗЕРТТЕУ БОЙЫНША ҒЫЛЫМИ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫБіз басында кәріз көлін тазалауға бес жылдық мерзім сұрадық. Бізге тек 1.5 жыл ғана уақыт берді. Бір жылдың ішінде сәл де болса нәтиже бар. Нәжістің иісі өткен жылдардағыдай қатты тарап жатқан жоқ. Осы уақытқа дейін суға хлорелланың 95 тоннасы жіберілді.