Қызылжарда 138 жүргізуші психикалық диспансерде тіркеуде тұрған. Бұл жайында облыстық прокуратура өкілдері хабарлады. Прокурорлар арнайы тексеріс жүргізіп, жүргізу куәлігін беру жұмысында бірқатар олқылықтарды анықтаған. Аталған ақыл санасында ақауы бар адамдардың арасында автобус жүргізушісі де бар болып шыққан. Қазір сала мамандары оларды көлік жүргізу құқығынан айыру мәселесін қарап жатыр. Жалпы құқық қорғау органдарының хабарлауынша, былтырға қарағанда биыл жол апатының саны 17 пайыз өскен. Соңғы екі жылда 82 адам қаза тапқан. Әбу-Әли САТТАР, СҚО ПРОКУРОРЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: Жол куәлігін созатын уақыт болады ғой. Сол кезде олар мед орталықтарға бармай, каспи приложение арқылы алатын тәжірибе бар екен. Үйлестіру кеңесінің шешімі бойынша біз орталық мемлекеттік органдарға өз ұсынысымызды енгіземіз. Негізі тәртіп болған дұрыс деп ойлаймын.