Қызылжарда 87 ауылға су басу қаупі төніп тұр

Петропавл биыл қар астында қалды. Күн жылынса, еріп, айналаны астаң-кестең қылады. 87 ауылға су басу қаупі төніп тұр. Аймақ жұрты үш айдан бері бораннан көз ашпай отыр. Коммуналдық қызметтер күні-түні жұмыс істегенімен, қар азаяр емес. Әсіресе, жеке сектор тұрғындары қар құрсауында қалған. Ольга БАБУШКИНА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Биыл қар тым көп. Кейде жолды басып тастайды. Біз тұрғындармен қосылып, трактор шақыртайын деп едік. Бірақ оның қызмет құны өте қымбат. Сондықтан техника жалдауға жағдайымыз келмейді. Виктор БАСТЕЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Коммуналдық қызметтер бірінші рет келді. Соған риза болып отырмыз. Әйтпесе, жолдарды қар басып, шыға алмай қалдық. "Казгидромет" мамандарының айтуынша, қыс басталғалы аймақта қар көлемі нормадан 3 есе көп түскен. Әсіресе Тимиряз, Мүсірепов және Айыртау аудандарында қар қалың. Синоптиктер жауын-шашынның әлі де мол түсетінін айтып отыр. Наталия ЛЕВИНА, “ҚАЗГИДРОМЕТ” РМК СҚОФ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Қараша айынан бастап аймақта қар көлемі 180мм-ге дейін дейін жауған. Қазір даладағы қардың қалыңдығы 50 см-ге дейін жетеді. Қазір ақпанның басы ғана болғанымен, бір айлық норма жауып тастаған. Сондықтан алдағы екі айда әлі де қар қалыпты жағдайдан көп түседі. Төтенше жағдай мамандары тасқынға қарсы оқу-жаттығу жұмыстарына кірісті. Құтқарушылар техникаларын сайлап, аса қауіп төніп тұрған 87 ауылды жіті бақылауға алған. Ерік САРЫБАЕВ, СҚО ТЖД БАСШЫСЫ: ҚАЗАҚША: ол 87 ауылды біз үшке жіктейміз: біріншісі - өзендердің көтерілуіне байланысты қауіп төнуі мүмкін, екіншісі - көлдердің деңгейіне байланысты қауіп төнуі мүмкін, және үшіншісі - қардың бірден еруінен қауіп төнетін ауылдар. Абзал ҚҰРМАНКИН, ТІЛШІ: Мамандардың айтуынша, су тасқыны наурыз айының соңында байқалуы мүмкін. Ал қауіпті аймақта 5 мыңнан астам тұрғын бар. Күн күрт жылынса, жағдай қиындайды. Ондай жағдайда өзге өңірлерден көмек шақыру да ойда бар.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Астанадан бір күнде 3 мыңға жуық рейспен қар шығарылды
Ертең Алматыдағы ботаникалық бақ жұмыс істемейді
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі: Энергия тиімділігі картасы аясында бір жылда 31 жоба енгізілді
Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады
Қостанайда 20 жыл көріспеген әкесі мен қызы табысты
Қазақстан құрамасы шпагамен семсерлесуден әлем кубогы кезеңінде күміс медаль алды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізеді