Қызылжарда бір топ студент жаппай төбелес ұйымдастырған. Оқиға демалыс күндері жергілікті университет жатақханасының жанында болған. Жақын маңайдағы үй тұрғындары жігіттердің жаға жыртысып жатқан видеосын әлеуметтік желіде жариялады. Онда жиырмаға жуық жасөспірімнің тартысып жатқаны байқалады. Кейбірі қолдарына таяқ ұстап алған. Оқиға орнына дереу жеткен полиция қызметкерлері 10 адамды ұстады. Денсаулық сақтау басқармасы ұрыс-керістен ешкімнің зардап шекпегенін хабарлады. Ал университет өкілдері бұл оқиғағасы қатысты сұхбат беруден бас тартты. Нұрбек БАЕКИН, СҚО ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:30 наурыз күні кешкі сағат сегіз жарымда Петропавл қаласы полиция басқармасына Бостандық көшесіндегі жатақхана маңында екі топ жастар төбелесіп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген жедел тергеу тобы 17 мен 21 жас аралығындағы жастарды ұстап, полиция ғимаратына жеткізді. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері істің барлық мән-жайын толық зерделеуге бағытталған тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр.