Қызылжарда денсаулық сақтау басқармасы дәрігерлерден жалдамалы үйді босатуды талап етіп отыр

Қызылжарда дәрігерлер далада қалмақ. Денсаулық сақтау басқармасы олардан жалдамалы үйді босатуды талап етіп отыр. Баспанадан қуылып жатқан ақ халаттылардың арасында жалғызбасты аналар, көпбалалы отбасылар мен мүгедек жанды қамқорлыққа алғандар бар. Алайда, билік өкілдері бұған міз бақпай отыр. Неге? Аймақтағы тілшіміз Абзал Құрманкин айтады.Қызылжарда медицина қызметкерлеріне арналған “дәрігерлер үйі” 2010 жылы бой көтерген. 80 пәтердің төртеуі мәдениет саласына бөлініп, қалғаны сирек кездесетін мамандарға берілді. Алайда, денсаулық сақтау басқармасы 10 жылдан артық тұрып жатқан дәрігерлер пәтерлерді дереу босату керек деген шешім шығарған.Анжела ВЕТРОВА, УЗИ МАМАНЫ:Мен 2009 Қарағанды медицина академиясын функционалды диагностика дәрігері бағыты бойынша бітіріп, осында келдім. Бізге бұл үйден бір бөлмелі пәтер берді. Зейнетке шыққанша осында пәтер жалдап тұра бересіңдер деді. Енді міне қуып жатыр. Денсаулық сақтау басқармасы бас аяғы 17 маманға хабарлама жіберген. Алайда, көбінің табан астынан көшіп, пәтер жалдауға мүмкіндігі жоқ көрінеді. Раушан БАЙМАҒАНБЕТОВА, ПСИХИАТР-НАРКОЛОГ ДӘРІГЕР:Құжатты бізге мамырдың 20 күні әкелді. Шығатынымыз жөнінде. Маусымның 15не дейін босату керек деді. Мен жалғызбасты анамын. Үш балам бар. Бір бөлмелі пәтерде тұрамын. Мен бізді үйден шығарып жатқандарына наразымын. Денсаулық сақтау басқармасының дерегінше, бүгінде Қызылжарда 1700 жуық дәрігер болса, оның төрттен бірінің өз үйі жоқ. Аталған жалдамалы пәтерді жекешелендіруге рұқсат бермеген құзырлы орган босаған баспананы сырттан келетін жас мамандарға ұсынбақ. Нұржан ТАҒАНИЯЗОВ, СҚО ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:Бізде положенияда 5 жыл. Бес жылда жас дәрігер ақшасын жинап, квартира алу керек. Бұл кісілер 10 жылдан артық тұрып жатқандар бар. Сондықтан біз уведомление бердік. 14 жыл тұрып жатқандар да бар. Маусымның 15не дейін босату керек. Абзал ҚҰРМАНКИН, ТІЛШІ:Билік өкілдері айтқанынан қайтпай отыр. Ал жалдамалы пәтерден қағылған кейбір сала мамандары басқа облысқа ауысамыз, деп шешіпті. Айта кетейік, бүгінде облыс бойынша 150 дәрігер тапшы. Бірақ мына жағдайдан кейін кадр жетіспеушілігі мәселесі онан сайын қиындай түспек.

Читать источник astanatv.kz/kz/
IBA Азия чемпионатындағы өзбек боксшыларының күмәнді жеңісіне қатысты тексеру бастады
Жетісу облысында "Қоғалы – халқымның көңілі жоғары" атты кеш өтті
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Қазақстандық поездарда интернет 2025 жылы басталады
Күн күрт суытады
Шырша бар, бірақ оны орнатуға қаражат жоқ – қызықты деректер
Қалай eGov Mobile қосымшасы арқылы газға қосылу үшін өтініш беруге болады?
«Ауылымнан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы болғым келеді» – Алматыда AUYL SPORT-2024 республикалық турнирі өз мәресіне жетті
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Ешкім сатып алған жоқ – экс-әкімнен тәркіленген мейрамхананың тағдыры не болмақ?
Қарағанды облысында автобус өртеніп кетті
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында жұмысшы көз жұмды
Ақтаудағы кәсіпорында жұмысшы қаза тапты
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында жұмысшы қаза тапты
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
Қарағандыда автобус өртенді
Қуаныш Сүлейменов Абай облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды
Қазақстандық ауыр атлет рекорд орнатып Азия чемпионы атанды
ТЖМ құтқарушысы Alash Pride лигасының чемпионы атанды
Астана тұрғыны танысынан кек аламын деп басы дауға қалды
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
МАЭК-те жұмысшы қаза тапты
Алматыда ескі жылу құбыры жарылды