Қызылжарда хайуанаттар бағындағы аю жұмысшыға шабуыл жасады. Оқиға қала манындағы демалыс орындарының бірінде болған. 43 жастағы қызметкер сол туристік базада жұмыс істеген. Ол жануарларды тамақтандырып жатқан кезде жыртқыш аң жұмысшының қолын тістеп-тырнап алған. Салдарынан жапа шеккен азамат бірден ауруханаға түсті. Дәрігерлер оның бір қолы қатты зақымданған соң, кесіп тастаған. Ал екінші қолын емдеп, сақтап қалуға тырысып жатқандарын жеткізді. Айта кету керек, бұл әлгі демалыс орнында болған алғашқы төтенше жағдай емес. Бірнеше жыл бұрын аталған зообақтан бірнеше аю қашып кеткен еді. Абырой болғанда, ол кезде ешкім зардап шекпеді. Мадина ЕРҒАЛИЕВА, СҚО ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:Аталған факті бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 156 бабы 2 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп тексерілудің біріңғай тізіліміне енгізілді. Қазір істің барлық мән жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде.