Қызылжарда белгісіз біреулер "мектептерде терракт жасаймыз" деп тұрғындардың зәресін ұшырды. Әлеуметтік желіде білім беру ұйымдарына шабуыл жасалатыны және адамдарды атып өлтіретіні туралы хабарлама тараған. Тіпті, мектептердің нөмірін де жариялаған. Бүгін бірақ, өңірле қатты аяз болғандықтан, барлық сыныптың оқушылары үшін сабақ онлайн режимге ауыстырылған. Дегенмен, полицейлер барлық мектепті бақылауға алды. Бұл жағдайға қатысты бір күдікті ұсталған. Жасөспірім қолына мылтық алып, көшеде жүрген көрінеді. Полицейлер оны дереу ұстап, тексеру жұмыстарын жүргізді. Қару ойыншық болып шықты. Айдын ҚАБДҰЛДИНОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады. Петропавл қаласының мектептеріндегі терроризм актісі туралы жалған хабарлауға қатысы бар тұлғаларды анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сонымен бірге оқу орындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету және күзетті күшейту бойынша қажетті шаралар қабылданды.