Қызылжарда жалпы тәжірибелік дәрігерлер тапшы. Аймаққа жұмыс сапарымен барған мәжіліс депутаттары жаңадан ашылған емханамен танысты. Мекеме 35 мың адамға арналған. Бірнеше шағын ауданды қамтиды. Медициналық заманауи қондырғылармен жабдықталған. Соның негізінде қаланың өзге емханаларына түсетін жүк біршама жеңілдеп, науқастардың ұзын-сонар кезегі мәселесі де шешілді.Николай НОВИКОВ, №1ЕМХАНАНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:Бүгінде бізде 300-ге жуық маман жұмыс істеп жатыр. Емхана эндокриногол, кардиолог және тағы басқа күрделі маман иелерімен толық қамтылған. Бірақ жалпы тәжірибелік дәрігерлер тапшы. Сондықтан біз оларды жан-жақты іздеп, қосымша көтермеақылар арқылы тартып жатырмыз. Бұл мәселе көктемде шешіледі деп ойлаймыз. Себебі, жергілікті университеттегі медицина факультеті алғашқы түлектерін даярламақ. Еркебұлан МӘМБЕТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "АМАNАТ" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:Міндетті түрде қолдаймыз. Біраз нәрселерді талқыладық. Халық пен орташа қоғам ашық, олар қандпй сапалы қызмет көрсетуге жолдаған, біз өз дайындығымызды айтқанбыз. Заңға қандай өзгеріс керек болса, біз депутат ретінде ондай ұсыныстарды қолдауға дайынбыз.