Қызылжарда жүктілік кезінде баласынан айырылған әйел әділдік іздеп жүр

Қызылжарда жүктілік кезінде баласынан айырылған әйел дәрігерлерді кінәлап отыр. Антонина Петренконың құрсағындағы сәби 39-аптаға жеткенде шетінеп кеткен. Бұл дәрігерлердің салғырттығынан болды дейді жас ана. Ал емхана басшылығының айтар өз уәжі бар. Аймақтағы тілшіміз Абзал Құрманкин тараптарды тыңдап, мәселенің анығын білуге тырысты.Антонина Петренко жүктілік кезінде дәрігерлерге уақытында қаралып тұрғанын айтады. Алайда жолдасы қайтыс болып, жағдайы күрт қиындаған. Антонина ПЕТРЕНКО, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Жүктіліктің алтынша айында бала өте белсенді бола бастады. Бірақ дәрігерлер бәрі қалыпты деді. Кейін наурыз айында босанар алдында дәрігерлер іштегі нәрестенің жүрегіне кардиотокограма жасатты. Онда да бәрі жақсы деді. Ал төрт күннен кейін оның жүрегі тоқтап қалды. Кейін белгілі болғандай, КТГ жасаған кісі бүкіл ақпаратты құрылғыдан оқыпты. Ал қағазда баланың жүрегі минутына 160 рет соғылғаны жазылған. Олар бұны байқамай қалған. Жас ана өлі баланы дүниеге әкелген соң ауруханада тексеріс басталған. Алайда қылмыстық іс тек араға бес ай салғаннан кейін қозғалған. Содан бері бірнеше заңбұзушылық анықталғанымен, бұл іске әлі күнге дейін нүкте қойылмады. Владимир КОМАРОВ, А.ПЕТРЕНКОНЫҢ АДВОКАТЫ: Қылмыстық іс өте баяу тергеліп жатыр. Бұл санаттағы іс бойынша кінәлі тұлғалар оқиға болғаннан кейін екі жылдың шамасында ғана қылмыстық жауапкершілікке тартылуға құқылы. Мерзім өткесін ешкім жауап бермейді. Сондықтан бұның не үшін жасалып жатқаны бәрімізге мәлім. Құзырлы органдар бұл іске қатысты жауап қайырмады. Ал жас ананы бақылаған акушер-гинеколог қазір куәгер ретінде қаралып отыр. ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ №3 ЕМХАНАСЫ: Құрсақтағы сәбидің өліміне қатысты СҚО полиция департаменті ҚР ҚК 317-бабы 3-бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғады. Қазір қосымша комиссиялық сот-медициналық сараптама жұмыстары тағайындалды. Оның қорытындысына сәйкес заңды түрде соңғы процессуалдық шешім қабылданады. Күдікті болмаған соң қылмыстық іс үш рет тоқтатылған. Сонда да Антонина екі жылдан бері әділдік іздеп жүр. А. Құрманкин

Читать источник astanatv.kz/kz/
Әкімдерге автотұрақтарды ұйымдастыру құзыреті берілмек
Бокс ұйымы британиялық чемпионды Жәнібекпен айқаспай қойғаны үшін жазалады
Қазақстандағы ең бай зейнеткер» қанша алады – БЖЗҚ мәлімдемесі
Алматы облысында жасөспірімдер қылмысының алдын алу шаралары күшейтілуде
Қазақстанда «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» халықаралық акциясы басталды
Алматы халықаралық әуежайында күрес бойынша CISM әлем чемпионатынан оралғандарды қарсы алды
Зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін 8,7 мың адамға әлеуметтік төлем жасалды
Алматының коммуналдық қызметі күйшейтілген режимде қысқы тазалау жұмыстарына дайындалуда
Мектептегі тамақтану сапасын жақсартуға бағытталған меморандумға қол қойылды
Қазақ-өзбек шекарасындағы ұзын-сонар кезек пайда болды
Алматыда Ұлы Отан соғысының ардагерін 100 жылдық мерейтойымен құттықтады
27 қарашада Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин мемлекеттік сапармен келеді
Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 27 қараша күні елімізге Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин мемлекеттік сапармен келеді
Алматыда полиция студенттер арасында құқықтық сауаттылықты арттыруда
Алматыда жобалық кеңсе ашылды
Президент Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады
Сәтбаев университеті ENAEE халықаралық Ассамблеясының орталығына айналды
Алматыда қыс қарсаңында ауқымды тазарту жұмыстары жүргізіледі
Қазақстандықтардың денсаулығына қауіп төнуде: тексерілген тағам өнімдерінің 69%-ында бұзушылықтар анықталды
Президент Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованы қабылдады
Қазақтың бұлбұлы
Энергетика министрлігі жер қойнауын пайдаланушылардан келісім-шарттарды бұзғаны үшін 14 млрд теңге талап етіп отырғанын айтты
ОДКБ отырысында қандай маңызды құжат қабылданады?
Елордада ашылған тұңғыш қазақ мектебіне 25 жыл толды