Қызылжарда қалалық әкімдік қоғамдық көлік тасымалдау компанияларына бір миллиард теңге қарызын қайтарудан бас тартып отыр

Қызылжарда қалалық әкімдік қоғамдық көлік тасымалдау компанияларына бір миллиард теңге қарызын қайтарудан бас тартып отыр. Билік өкілдері жарты жыл бойы жолаушылар үшін қарастырылған субсидияны төлемеген. Үш жыл бұрын тасымалдау компаниялары жаңа автобустарды сатып алар кезде жергілікті билік әр жолаушыға кеткен шығынның жартысын өтеуге уәде берген. Содан бері әкімдіктен қарызды өндіру жырға айналды, дейді кәсіпкерлер. Осының салдарынан компаниялар жаңа автобустардың несиесін төлей алмай тығырыққа тірелген.  Болат РАҚЫМОВ, ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛДАУ КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:Былтыр жаңадан тағайындалған қала әкімі әкімдіктің бұрынғы қарызы өтелмейтінін хабарлады. 2023 жылдың тамыз-желтоқсан аралығында мемлекеттік демеуқаржы төленбеді. Тек бір ғана менің компанияма қалалық әкімдік 400 миллион теңге қарыз.  Жолаушылар тасымалдау компаниялары сотқа арыздана алмайтындарын айтады. Себебі, қарыз көлемінің 3 пайызын баж салығы ретінде өтеуге қаржы қолбайлау. Ал жергілікті билік өкілдері кәсіпкерлердің алдында берешегіміз жоқ деп сендіреді. Былтырға бөлінген 2 миллиард 700 миллион теңге толық игерілген, дейді. Әсем АЙТУЛОВА, ҚАЛА ӘКІМДІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:Олар өз кәсіптерін өздері дөңгелетуі керек. Өз шығындарына өздері жауап беруі керек. 2023 жылы белгіленген субсидия, сома бөлінді. Сол сома жыл соңына дейін мердігерлерге толық төлеп бітірілді. Одан бөлек тариф көтерілді қыркүйек айында. Міне осының барлығы мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге жасалып жатқан көмек.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Солтүстік Қазақстан тұрғыны мал іздеуге шығып, жоғалып кеткен
Ерлан Қошанов: Тәуелсіздік елдік рухымызды асқақтатты
16 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Алматы халықаралық әуежайында рейстер кешігіп жатыр
Бүгін Бахрейн Корольдігінің де Тәуелсіздік күні
Алматыны қалың қар басты
Бірнеше облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Талғар қаласының жаңа әкімі сайланды
Қазақстан әлемдегі үздік ондыққа кірді
Желтоқсан – Тәуелсіздігіміздің ұлы рухы
Алматыда Тәуелсіздік күніне орай гүл қою рәсімі өтті
Алматы әкімі Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойды
Тәуелсіздік – әрбір қазақстандықтың өміріндегі маңызды құндылық
Тәуелсіздік күні – әрбір қазақстандық үшін ерекше дата
Тәуелсіздік – бейбітшілік пен бірліктің бастауы!
Бүгін қазақтың бұлбұлының туған күні!
Нұрдәулет Ақыш, филология ғылымының докторы: Тұғырлы тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!
Әлімжан Хамраев, ҚХА мүшесі: Тәуелсіздіктің мән-маңызы жоғары
Бибігүл Төлегенова елімізге бейбіт өмір мен жарқын болашақ тіледі
Асанәлі Әшімұлы, Қазақстанның Еңбек Ері: Тәуелсіздікті ұстап тұру – ең басты міндет
Асанәлі Әшімұлы, Қазақстанның Еңбек Ері: Тәуелсіздікті ұстап тұру – ең басты міндетіміз!
Еліміздің 19 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Қазақстанның тағы бір өңірінде жолдар ашылды
Тәуелсіздік – ең асыл мұратымыз