Қызылжарда қаржы пирамидасының ісі әшкерленді

Қызылжарда қаржы пирамидасының ісі әшкерленді. Гермес атты компания жұртты арзандатылған тұрғын үй ипотекасын береміз деп алдап, артынша соқыр тиынсыз қалдырған. Жалған ұйым теріскейде 2019 жылдан бері жұмыс істеп келген. Құзырлы орган өкілдерінің хабарлауынша, осы уақыт аралығында 80-ге жуық адам тіркелген. Алайда, олардың біреуі де армандаған баспанасына қол жеткізе алмапты.Юлия ДВОРНИК, ЖӘБІРЛЕНУШІ: Мен Гермес компаниясына мың доллар салдым. Олар мені арнайы сайтта тіркеді. Бірнеше айдың ішінде мен жарна төлемін 10 мың долларға дейін жеткізуім тиіс еді. Алайда, 2022 жылы бұл сайт мүлде жұмыс істемей қалды. Кейін құзырлы органға жүгінуге тура келді. Қатысушылар қатары қалың болғанымен, экономикалық тергеу департаментіне 4-ақ адам көмек сұрап, жүгінген. Ізінше құзырлылар қаржы пирамидасының заңсыз ісін дәлелдеп, істі сотқа жолдады. Сорақысы сол, бұл компанияның тек Петропавлдағы филиалы ғана жабылды. Демек, өзге өңірлерде ол арам ісін жалғастыруы мүмкін, дейді сала мамандары. Виктория АЛПЕЕВА, СҚО БОЙЫНША ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ: Тергеу барысында аталған компания арыз жазған төрт адамның шығынын қайтарып берді. Айта кету керек, соңғы үш жылда Қызылжар өңірінде екі қаржы пирамидасы анықталды. Біз тұрғындарды күмәнді компанияларға қаражат бермеуге шақырамыз. А. Құрманкин

Читать источник astanatv.kz/kz/
14 жасар қазақстандық теннисші Еуропадағы "Жылдың ұздік ойыншысы" атанды
Түркістан облысында тұрмыстық химия өндірісімен айналысқандар әшкереленді
Балқаш көліне 4 млрд текше метр артық су жіберілді
Қазақстандық поездарда интернет 2025 жылы басталады
Күн күрт суытады
Шырша бар, бірақ оны орнатуға қаражат жоқ – қызықты деректер
Қалай eGov Mobile қосымшасы арқылы газға қосылу үшін өтініш беруге болады?
«Ауылымнан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы болғым келеді» – Алматыда AUYL SPORT-2024 республикалық турнирі өз мәресіне жетті
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Ешкім сатып алған жоқ – экс-әкімнен тәркіленген мейрамхананың тағдыры не болмақ?
Қарағанды облысында автобус өртеніп кетті
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында жұмысшы көз жұмды
Ақтаудағы кәсіпорында жұмысшы қаза тапты
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында жұмысшы қаза тапты
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
Қарағандыда автобус өртенді
Қуаныш Сүлейменов Абай облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды
Қазақстандық ауыр атлет рекорд орнатып Азия чемпионы атанды
ТЖМ құтқарушысы Alash Pride лигасының чемпионы атанды
Астана тұрғыны танысынан кек аламын деп басы дауға қалды
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
МАЭК-те жұмысшы қаза тапты
Алматыда ескі жылу құбыры жарылды