Қызылжарда қияр мен қызанақты топырақсыз өсіру технологиясы меңгеріліп жатыр

Қызылжарда қияр мен қызанақ топырақсыз өсіріледі. Аймақта ірі жылыжай бой көтерді. Жаңа көкөніс фермасы заманауи технологиямен жұмыс істейді. Гидропоникалық тәсіл -суды үнемдеудің бір жолы. Бұл жайында Мемлекет басшысы өз жолдауында айтқан болатын. Тың кәсіпорынның артықшылықтары туралы аймақтағы тілшіміз толығырақ әңгімелейді. 32 мың шаршы метр аумақты алып жатқан мега жылыжай теріскейдегі ең ауқымды ферма болып саналады. Кешенде қысы-жазы қияр мен қызанақ өсіріледі. Жылына 3 мың тонна өнім өндіруге мүмкіндік бар. Жылыжай ерекше технологиясы таңқалдырады. Фермада қара топырақ мүлдем қолданылмайды. Екатерина АСАЁНОК, ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Біздің әдіс гидропоника деп аталады. Яғни, өсімдіктің тамыры топырақтың ішінде емес, минералды мақтаның ішінде жайылады. Қияр мен қызанаққа қажетті микро және макроэлементтер сумен араластырылады. Өндіріс қыркүйектің аяғында бастауды жоспарлап отырмыз. Ал алғашқы өнімді қараша айында аламыз. Біздің жылыжай аймақ сұранысының 30 пайызын қамтымақ. Президент жолдауында: “Ет, сүт, астық өнімдерін терең өңдеу және өндірістік жылыжай шаруашылықтарын дамыту сияқты болашағы зор бағыттарға басымдық берген абзал” деп айтқан болатын. Қызылжар өңірінде жылыжайдан бөлек ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу ісі де жолға қойылған. Аймақта 15 сүт зауыты мен астықты өңдейтін 13 кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Мейрам МЕНДІБАЕВ, СҚО АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Солтүстік Қазақстан облысында жылына сүттің 420 мың тоннасы өңделеді. Бұл көрсеткішті біз соңғы екі жылда 20 пайызға ұлғайттық. Біздің өңірдегі қарқынды жұмысты президент те байқап, өз жолдауында атап кеткен болатын. Теріскейде бір жылда 60 мың тонна ет өндіріледі. Оның 23 пайызы қайта өңдеуге бағытталады. Өңірде майлы дақылдардан да дайын өнім шығарылып жатыр. Жергілікті кәсіпорындардың жылдық қуаттылығы 420 мың тонна. Қазір Тайынша ауданында май шығаратын тағы бір ірі зауыт салынуда. Демек, жақын арада аймақта майлы дақылдарды өңдеу әлеуеті шамамен еке есе арта түспек.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Есірткі құралдарының айналымы: 226 медицина қызметкері жауапқа тартылды
Қазақстан футболында легионерлерге салық енгізіледі
Қарағанды облысында ауыл имамы 1 млн теңгесін алаяқтарға аударып жіберген
Қазақ радиосының сандуғашы Сауық Жақанова туралы кітаптың тұсаукесері өтеді
Бұрынғы президент «Ұлт әкесі» жаңа атаққа ие болды
Қара жәшік Қазақстанға жетті
Жамбыл филармониясына – 90 жыл
Алматыда полиция бұзақыны қолға түсірді
Бір донор бірнеше адамның өмірін сақтап қала алады
Мүфтияттың Ғұламалар кеңесі квадроберлерге қатысты үкім шығарды
«Алматы - Өскемен» автожолында 18 көлік соғылып қалды
Депутаттар ішкі істер министріне көлікті 5 минут қыздыру қисынсыз екенін айтты
Алматыда «Birlik» би ансамблінің концерті өтеді
ҚБТУ-дағы өртті сөндіруге қатысқан қызметкерлер марапатталды
Ұшақта адамды өлімнен құтқарған студент марапатталды
«Әкеме көлік әпердім»: Ержан Максим байқаудан алған қаржылай сыйлықты қайда жаратқанын айтты
Маңғыстауда алып сәби өмірге келді
Ұшақта жолаушыны аман алып қалған жігітке "Құрмет" грамотасы табысталды
Төртінші баласына аяғы ауыр Аиша қазақша өлең оқып, көпшілікті тәнті етті
«Үш-төрт рет күйеуге тиген апа бақытты отбасы туралы айтады»: әзілкеш курс сататындарды сынады
«Беті мен ішінен ұрып, балағаттаған»: Жолаушы FlyArystan қызметкерін соққыға жықты
Қазақстан Президенті Италия Министрлер Кеңесінің төрағасы Джорджа Мелонимен кездесті
Астанада су тасқыны қаупі бар учаскелерге тексеру жүргізілді
«Жаңа өмір»: Жахан Отарғалиев үшінші мәрте отбасын құрды