Қызылжарда қоқыс тарифі екі есе қымбаттамақ

Қызылжарда қоқыс тарифі екі есе қымбаттамақ. Кәсіпкерлер мұны шығынның өсуімен түсіндіреді. Ал қала халқының жауаптыларға өкпесі қара қазандай. Үйіліп жатқан қоқысты шығармай отырған компанияналарға тарифті көтеруге рұқсат бермеу керек дейді. Ал билік өкілдері қандай пікір ұстанып отыр? Аймақтағы тілшіміз Абзал Құрманкин біліп көрді. Тұрмыстық қалдыққа жауапты 4 кәсіпорын жағдай бұлай жалғаса берсе, банкротқа ұшыраймыз деп алаңдайды. 220 теңгенің шамасындағы тариф алты жыл бұрын бекітіліпті. Тариф мәселесі ұмыт қалғандықтан, жауаптылар белшеден шығынға баттық деп отыр. Лариса ПОНОМАРЕВА, ҚОҚЫС ШЫҒАРУ КОМПАНИЯСЫНЫҢ ӨКІЛІ: Бізде қоқыс шығаратын 3 техника бар. Олар өткен ғасырдың 80 жылдары шығарылған. Демек бізге техниканы жаңарту керек. Алты жылдың ішінде жанармай, жалақы, барлығы қымбаттады. Егер тариф өспесе, қала қоқысқа батады. Қала тұрғындарының қоқыс шығарушы компаниялар алдындағы берешегі 20 млн теңгеден асқан. Оны өндіріп алу әзірге қиынға соғып отыр дейді жауапты кәсіпорын өкілдері. Әсем АЙТУЛОВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ТҮКШ БӨЛІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ: Қоқыс шығаратын компаниялар бізге бір жылдық шығындары жайлы есеп берді. Соған сәйкес 480 және 510 теңге деген баға құрылған. Қазіргі таңда бұл құжат НПА сайтында жарияланды. Кейін экспертермен келісілетін болады. Содан кейін мәслихаттың қарауына жіберіледі. Жаңа жыл мерекесінен кейін халық қоқыстан көз ашпай қалды. Тұрмыстық қалдықтар бір апта жиналмай, тұрғын үй аулаларында тау боп үйіліп қалды. Мәселе енді ғана біртіндеп шешіле бастады. Ал ашынған тұрғындар қызмет сапасы бағаға сай болуы тиіс деп санайды. БЛИЦ-САУЛНАМА: - Тарифті көтеру керек. Мен қарсы емеспін. Бірақ бірден 480 теңгеге дейін қымбаттатқаны сұмдық әрине. - Тарифті көтерсін. Бірақ есік алдында қоқыс тау болып үйіліп жатпау керек. Шенеуніктердің айтуынша, депутаттар мәслихат сессиясының барысында тарифті 480 теңге емес, одан төмен етіп бекітуі мүмкін. Бір айдан кейін нақты шешім шықпақ. А. Құрманкин

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Осылай бірге жүріңдерші»: жұрт Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімоваға бақыт тіледі
АЛМАТЫ ТҰРҒЫНДАРЫ ДӘН РИЗА
“Жаныма қатты батты“. Баян Мақсатқызы Бишімбаев ісіне қатысты жаңа жобаның құпиясын ашты
Қонаевта мұз үстінде сырғанап жүрген екі бала құтқарылды
“Жаныма қатты батты“. Баян Мақсатқызы Бишімбаев ісіне қатысты жаңа жобаның құпиясын ашты
Түркістан облысында ауыл жұрты қасқырдан қорқып, көшеге шыға алмай отыр
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ұлытау облысына іс-сапармен барды
Сізді күннен күнге бақытсыз ететін 3 әдет
Дәрігер ауыз қуысынан көрінетін қант диабетінің белгісі туралы айтты
23 желтоқсанда ауа райы қандай болады?
Қарағандыда қалың қардан жүк көлігі жолдың шетіне шығып кеткен
«Осылай бірге жүріңдерші»: жұрт Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімоваға бақыт тіледі
Атырауда 62 ерлі-зайыпты ажырасуға арыз беріп, кейін татуласып кеткен
АЛМАТЫ ТҰРҒЫНДАРЫ ДӘН РИЗА
Қостанайда қар құрсауында қалған балықшылар құтқарылды
«Мені өлді деп ойлаған»: Жұлдызай Дүйсенбиева басынан өткен жағдай туралы айтты
Шымкенттік дәрігер республикада үздік атанды
Қазақстанның үш каратэшісі әлем үздіктерінің қатарына енді
Тұман, бұрқасын, жел: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген ер адам БАӘ-ден Қазақстанға жеткізілді
Азамат Дәулетбеков өзбек балуанын жеңіп, халықаралық турнирдің чемпионы атанды
Атырауда шаруалар облыс әкімдігі ғимаратының алдында тентіреп жүр
"Жүрегім бос": Қуат Хамитов болашақ жарына қатысты талаптарын айтты
Заңға енгізілген түзетулер: Бұрынғы президенттер туралы ақпарат неге құпия саналатын болды?