Қызылжарда мектеп оқушылары зағип жандарға арналған гаджет-білезік ойлап тапты

Қызылжарда мектеп оқушылары зағип жандарға арналған гаджет-білезік ойлап тапты. Тың құрылғы көзінде ақауы бар адамдарға көшеде жалғыз жүруіне мүмкіндік береді. Яғни, арнайы импульстар арқылы алдында тұрған заттар жайында хабарлайды. Ноу-хауды жергілікті тұрғындар тағып, көше бойында сынап көрген. Ұлан ТӨЛЕТАЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Білезік менің көңілімнен шықты. Алдымызда кедергі тұрғанда құрылғы шиқылдай бастайды. Импульстар 70 сантиметр қашықтықта жұмыс істейді. Бірақ жетілдіретін тұстары да бар. Мысалы, шұңқырларға әсер етпейді. Бұл құрылғыны зағип жандардың таяқшасына таққан дұрыс деп есептеймін. Сонда бір қолымыз бос болады. Мектеп оқушылары зағип жандардың ескертуін ескеріп, құрылғыны жетілдіруге кірісіп кетті. Балалар гаджет-білезікті мінсіз қылу үшін тағы бірқатар өзгеріс енгізген. Жұлдыз АҒИЯРОВА, ОҚУШЫ: Қазақстанда көру мүшесінде ақауы бар 160 мыңнан астам адам бар. Біздің девайс олардың өмірін жеңілдететініне сенімдіміз. Алдағы уақытта біз аталған білезікке SOS және GPS функцияларын қосуды жоспарлап отырмыз.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Жаңақорған ауданында 124 отбасы баспаналы болды
Көктайғақ, тұман: синоптиктер бүгінгі ауа райына байланысты ескерту жасады
2025 жылы мектепке дейінгі біліммен қамту 95%-ға жетеді
Өткен жылы елімізде төлқұжат рекордтық көлемде шығарылыпты
Алматыда 2025 жылы тағы 100 мектеп автобусы сатып алынады
Дархан Сатыбалды ҚР Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды
Елімізде 12 судья қызметінен босатылуы мүмкін
2025 жылы мектепке дейінгі біліммен қамту 95%-ға жетеді
Қазақстандық құтқарушылар марапатталды
Өткен жылы еліміздің стационарларында 3,4 млн-нан астам науқас емделді
6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
ІІМ: 2024 жылы Қазақстанда рекордтық көлемде төлқұжат шығарылды
Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Әзербайжанда қазақстандық құтқарушылар марапатталды
Әзербайжан билігі ұшақ апаты кезінде көмектескен қазақстандықтарды марапаттады
Шымкентте аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыруға қатысты тергеу аяқталды
Қысқы Универсиадаға қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды
Рекордтық көрсеткіш: 2024 жылы Қазақстанда 1,5 млн адам төлқұжат жасатқан
Қазгидромет Алматы және тағы 9 қаланың тұрғындарына ескерту жасады
Курьерлерге қойылатын талап күшейтілмек
Дархан Сатыбалды лауазымды қызметке тағайындалды
Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары тағайындалды
Дархан Сатыбалды жаңа қызметке тағайындалды
Дархан Сатыбалды Президент Әкімшілігіне жаңа қызметке тағайындалды
Дархан Сатыбалды Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды