Қызылжарда мектеп оқушысы балаларды балтамен шапқан

Қызылжарда мектеп оқушысы балаларды балтамен шапқан. Бүгін Петропавлдағы нөмірі төртінші мектепте осындай жантүршігерлік жағдай болды. Үйінен балта мен пышақ әкелген тоғызыншы сынып оқушысы үш баланы жарақаттаған. Жәбірленушілердің жағдай қалай? Жасөспірімнің мұндай әрекетке баруына не себеп? Аймақтан Абзал Құрманкин.Жасөспірім балта мен пышақты сөмкесіне тығып әкелген. Кейін дәретханаға кіріп, бетіне маска киіп, қаруын сайлапты. Содан шығып, дәлізде жүрген балалаларды бірінен соң бірін балтамен шапқан. Владислав ГОРБАЧЕНКО, ЖӘБІРЛЕНУШІ: Мен дәретханаға кірген бетте әлгі бала балтаны бетіме сілтеді. Мойныма және кеудеме тигізді. Мен бұрылып шығып кеттім. Кейін ол дәлізде жүрген балаларға ұмтылды. Вера ГОРБАЧЕНКО, ЖӘБІРЛЕНУШІНІҢ АНАСЫ: Баланы балта-пышақпен мектепке қалай кіргізген? Білім ордасы неге күзетілмейді? Кіреберісте тек вахтер ғана отырады. Тоғызыншы және оныншы сыныпта оқитын үш бала зардап шекті. Бәрінің басы жарылған. Дәрігерлер екеуін ауруханаға жеткізіп, дереу операция жасады. Қазір олар жансақтау бөлімінде, жағдайы тұрақты дейді дәрігерлер. Ал шабуыл жасаған баланың психикалық ақауы бар екені белгілі болды. 2022 жылы ол үш ай бойы психдиспансерде емделіп, екінші тоқсанда оқуын жалғастырған. Алмагүл ҚАСЫМОВА, МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОҚУ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ: Больницадан келгесін психолог онымен жұмыс істеп жүрді. Балалардан ол ешқандай қиындық көрген жоқ. Өз-өзімен оқып, ақырын жүрген бала. Әлеуметтік желіде бұл атышулы «Көк кит» ойының баламасы ретінде шыққан «Лесоруб» ойынының салдары болуы мүмкін деген болжам айтылуда. Себебі, шабуыл жасаған баланың әрекеті ойын талаптарына ұқсайды. Құқық қорғау органдары тергеуді бастады. Қайсар ӘБІШЕВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 99-бап бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлығы анықталады. Сот шешім қабылдайды. Қандай жаза? 99 бап бойынша 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру. Оқу-ағарту министрлігі, бұл жағдайға қатысты комиссия құрылғанын хабарлады. Арнайы топ еліміздегі барлық жалпы білім беретін мектептерінде қауіпсіздікті тексеру жұмыстарын жүргізбек. Абзал ҚҰРМАНКИН, ТІЛШІ: Қазір төртінші мектепте сабақ уақытша тоқтатылды. Ата-аналар қашықтықтан оқу жүйесіне көшуді талап етуде. Себебі, балалардың көбі шошып, мектепке баруға жүрексініп отыр. А. Құрманкин

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстанда мәйіттік донор болуға келісетіндер 3,5 есе саны артты
Австралияда әйгілі қолтырауын өмірден озды
Атырауда емхана есепшісі өз жеке кәсібіне 225 миллион теңгені аударып жіберген
Австралияда әйгілі қолтырауын өмірден озды
Үлкен астероид жерге жақындап келеді
Telegram алғаш рет бір миллиард доллардан астам табыс тапты
Доллардың бағамы сәл төмендеді
Ғасыр дерті S.O.S
Жаңажылдық базарлық
Компьютерлік клубтан 121 миллион жымқырған астаналық сотталды
Зомбылық түбі – қорлық
Тұман, көктайғақ: 24 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Бүгінгі валюта бағамы белгілі болды
Фариза кредосы: адамдықтан айныма
Ауылдан – Алматыға!
Қарағандыда автобус өртенді
Жетісу облысында әлеуметтік осал топтағы 57 отбасы үйлі болды
Депутаттар есеп берді
Алматы облысында жантүршігерлік апаттан 4 адам қаза тапты: тергеу жүріп жатыр
Көлік-логистикалық әлеуетті дамыту өзекті
Жәрмеңке өнімдері сұранысқа ие
«Алтын сақа» орталығына барды
Алматының Арбаты Карнаби көшесінің стилінде безендірілді
Қазақстан су тасқыны кезеңіне дайын ба?