Қызылжарда мемлекеттік бағдарламамен бой көтерген үйдің құрылысы сағызша созылып кеткен

Қызылжарда мемлекеттік бағдарламамен бой көтерген үй тұрғындарының мердігерге өкпесі қара қазандай. Айтуларынша, жауапты кәсіпорын құрылысты сағызша созып отыр. Жұрт баспананың сапасына да күмәнді екенін айтады. Себебі, жаңбыр жауған кезде шикіліктер шыға бастаған. Аймақтағы тілшіміз тұрғындардың мұңын тыңдап қайтты. Петропавлдың әскери академиясында қызмет ететін Ардақ Айтжанов 5 жыл кезекте тұрып, банкте ақша жинап келген. Ал биыл арнайы байқаудан өтіп, зәулім үйден 3 бөлмелі пәтер алмақшы. Алайда, үйдің тапсырылуын күтіп шаршадық дейді. Ардақ АЙТЖАНОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Сапасына қатысты негізі 17 қабатты үй ғой. Сол шатырынан су ақты деген әңгіме болды. Сосын сантехникасы әлі орнатылмаған дейді. Коммуникация жағынан мәселелер бар. Жас өркен ауданындағы 17 қабатты үйдің тұрғындары бүгін қала басшылығымен кездесіп, мәселені жеткізді. Жұрттың айтуынша, құрылыс алаңында санаулы ғана жұмысшы жүр. Сондықтан биыл қоныс тойын тойлай алмайтындарына алаңдап отыр. Бас мердігер келісім-шартқа сәйкес нысанды үстіміздегі жылдың тамыз айында тапсыруы тиіс болатын. Бар мәселе маман тапшылығында дейді. Компания өкілі құрылыстың 95 пайызын бітіргеніне сендіреді. Зульфия ХАЛИТОВА, ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Қазір бұл үйде 20 адам жұмыс істеп жатыр. Кадр тапшылығы салдарынан құрылыс сәл созылып кетті. Біз ішкі және сыртқы жұмыстарды аяқтадық. 10 күн шамасында үйді тапсырамыз. "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында 202 пәтерлі үйді салу үшін жергілікті бюджеттен 2 миллиард теңге бөлінген. Бүгінде әкімдік оның басым бөлігін мердігерге төлеп қойған. Енді жұмысты кешіктіргені үшін айыппұл салмақ. Әділбек ӘУБӘКІРОВ, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Үйде су мен жылу бар. Жарықты бірер күнде қосамыз. Қазір үйдің құжаттарын дайындап жатырмыз. Бас мердігер үйді тапсырған соң, кешіктірген әрбір күнге нөл бүтін жүзден бір пайыз көлемінде, яғни 200 мың теңге шамасында айыппұл төлейді.Қалада құрылысы тым созылып кеткен 16 көпқабатты үй бар. Оның жартысы жуырда қолданысқа берілген. Билік өкілдері қалған 8 нысанды жылдың аяғына дейін тапсыруға уәде беріп отыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Маңғыстауда "алып бала" дүниеге келді
Қазақстанда жемқорлардың шетелге шығуына тыйым салатын норма қабылдануы мүмкін
Астанада есірткіні насихаттайтын 200-ден астам сайт бұғатталды
Жүргізуші куәлігінен айырылған шетелдік Алматыда такси қызметімен айналысқан
Олжас Бектенов қолжетімді баспана мәселесі бойынша кеңес өткізді
Жұртшы - жыл құсы
Былтыр елімізде 359 мыңға жуық адам тұрақты жұмыс тапты
Феминистерге шеру өткізуге рұқсат бермеді
Көлікті 5 минут қыздыру ережесін Әділет министрлігі қайта қарайтын болды
2024 жылы Алматы қаласының Әділет департаменті халыққа 45 828 мың мемлекеттік қызмет көрсетті
29 жастағы қазақстандық Apple басшысы болып тағайындалды
Трамптың инаугурациясына Қазақстаннан кім қатысады?
Кешіккен тапсырыстар: Алматыда Қытайдан келген тауарлар қоймадан ұрланған
ІІМ: Жыл басынан бері есірткі қылмыстары үшін 6 жасөспірім ұсталды
Алматы мектептерінде 600 –ден астам жасөспірім қыз вакцинацияланды
18 қаңтарда Алматы Онкологиялық орталығында ашық есік күні өтеді
Алматыда «ABAI ULTTYG MEKTEBI-нің» құрылысы басталды
AZAL ұшағының апаты: РФ Тергеу комитеті сараптама тағайындады
Түркістан облысында мемлекеттік нөмірдегі сүлгі үшін жүргізуші куәлігінен айрылды
Алматыда әнші Ермек Серкебаевтың ескерткіші ашылды
Жітіқарадағы өрт: Қайтыс болған 5 баланың анасы сотталды
Олжас Бектенов қолжетімді баспана мәселесі бойынша кеңес өткізді
Қазақстан мен Ресей жоғары мемлекеттік аудит органдарының басшылары кездесті
Көмек қажет: Алматы Ботаникалық бағы қазақстандықтарға үндеу жасады