Қызылжарда мемлекеттік бағдарламамен салынған екі көпқабатты үй былтырдан бері тапсырылмай келеді

Қызылжарда мемлекеттік бағдарламамен салынған екі көпқабатты баспана былтырдан бері тапсырылмай келеді. 72 пәтерлі қос үйдің құрылысы былтыр аяқталған. Алайда, инженерлік желілерді тарту жұмысы сағызша созылып кеткен. Осының салдарынан 150ге жуық отбасы қоныс тойын тойлай алмай отыр. Нұргүл ХАМЗИНА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:Қызым қазір квартир жалдар тұрып жатыр. Мынаны полный выкуп квартирға ипотека алып, оны төлеп жатыр. Қашан нақты беретіндер айтпайды осы күнге дейін. Қазір документтерді береміз дейді. Ал ішкі жұмыстары қашан бітетіні түсініксіз болып тұр. Тұрғын үйлерге коммуникациялық желілер тартумен тараздық компания айналысуда. Жұмыстың баяу жүріп жатқанына қаржылық қиындық себеп болған көрінеді. Серік БЕКТҰРҒАНОВ, МЕРДІГЕР КОМПАНИЯ ӨКІЛІ:Тек қана детский площадка дейді ғой ойын орындарын дайындап жатырмыз. Барлық инженерный сеть дайын тұр. Бірақ электрснабжение дейді ғой, тоқ жүйесі. Бүкіл жұмыстар екі айдың көлемінде бітеді. Жергілікті билік жауапсыз мердігерлерге соңғы ескерту жасағандарын жеткізді. Егер мердігер жақын арада жұмысын тапсырмаса, әкімдік онымен келісім шартты бұзбақ. Серік МҰХАМЕДИЕВ, ҚАЛА ӘКІМІ:Егер біз келісім шартты бұзсақ бұл жұмыс тағы екі-үш айға созылып кетеді. Сондықтан біз бұл мердігерді тездетіп, барынша көмек беріп жатырмыз. Келесі аптада үй тұрғындарына кілттерді бере бастаймыз.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қыста көлікте кондиционерді не үшін қосу керек екенін білесіз бе?
Алматының коммуналдық қызметтері қардың түсуіне байланысты күшейтілген режимде жұмыс істеуде
Құрмамен бірге жеуге болмайтын өнімдер аталды
Бүгін қазақтың бұлбұлының туған күні!
Нұрдәулет Ақыш, филология ғылымының докторы: Тұғырлы тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!
Әлімжан Хамраев, ҚХА мүшесі: Тәуелсіздіктің мән-маңызы жоғары
Бибігүл Төлегенова елімізге бейбіт өмір мен жарқын болашақ тіледі
Асанәлі Әшімұлы, Қазақстанның Еңбек Ері: Тәуелсіздікті ұстап тұру – ең басты міндет
Асанәлі Әшімұлы, Қазақстанның Еңбек Ері: Тәуелсіздікті ұстап тұру – ең басты міндетіміз!
Еліміздің 19 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Тәуелсіздік – ең асыл мұратымыз
Бостандық – елдің жүрегі, тәуелсіздік – сол жүректің лүпілі
Тәуелсіздік – баға жетпес байлық
Қазақтың бұлбұлы Бибігүл Төлегенова 95 жасқа толды
Мәулен Әшімбаев: Тәуелсіздікті көздің қарашығындай сақтау – әр қазақстандықтың қастерлі борышы
Жас спортшылар патриоттық челленджге қатысты
16 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Қырғызстанда із-түзсіз кеткен қазақстандықты іздестіріп жатыр
16 желтоқсандағы доллар бағамы қандай?
Қазақстан Тәуелсіздік жылдары қандай жетістіктерге жетті?
Алматыдан 88 шақырым жерде жер сілкінді
Алматы тұрғындары мен жүргізушілерге үндеу жасалды: 16 желтоқсан 2024, 09:53 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Президент қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Доллардың бүгінгі бағамы қандай?