Қызылжар өңірінде тасқыннан зардап шеккен Покровка ауылының тұрғындары техникалық сараптаманы екінші мәрте жүргізуді сұрайды. Бүгін “AMANAT” партиясы Есіл ауданында қоғамдық қабылдау өткізіп, халықтың базынасына құлақ түрді. Сәуір айында Есіл өзені тасып, елдімекендегі бірқатар үйді су басқан еді. Бүгінде жағдай біршама тұрақталды. Жұрт үйлеріне оралып, қалпына келтіру жұмыстарын қолға алды. Мамандандырылған компаниялар бағалау жұмыстарын жүргізіп, үйлер апатты емес деген қорытынды шығарған. Алайда, тұрғындар мұндай шешіммен келіспей отыр. Инга ТОДОРОВСКАЯ, ПОКРОВКА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Мен 2022 жылы Дипломмен ауылға бағдарламасы бойынша Покровка ауылында үй сатып алдым. Қазір ол кепілдікте тұр. Комиссия келгенде оның жағдайы тұруға жарамды болды. Ал қазір қабырғасы қақырайып, төбесі түсіп жатыр. Іргетасы да жарыла бастады. Мен ол үйде кішкентай баламмен тұра алмаймын. Есіл ауданында алапат тасқыннан 3 ауыл зардап шекті. 117 баспана су астында қалды. Тұрғындарға 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде біржолғы көмекке берілді. Қазір енді олар арнайы комиссия бекіткен шығын көлемінің өтелуін күтіп отыр. Жалпы, “AMANAT” партиясы облыс бойынша осымен тоғызыншы рет қоғамдық қабылдау өткізіп жатыр. Гүлфира РАМАЗАНОВА, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ СҚОФ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Біз қоғамдық қабылдауды тасқынның ең қызған шағында өткізуді бастадық. Ол кезде жұртқа психологиялық тұрғыда көмектестік. Одан кейін бір реттік көмекке арыз жіберудің амалдарын түсіндіріп, бағалау комиссиясына қажетті құжаттарды әзірлеуге көмек бердік. Қазір енді шығынды өтеуге қатысты мәселелер туындап жатыр. Енді осы проблемаларды қарастырамыз.
![Қызылжарда тасқыннан зардап шеккен тұрғындар техникалық сараптаманы қайта жүргізуді сұрайды](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1485955/image.jpg.webp)
Қызылжарда тасқыннан зардап шеккен тұрғындар техникалық сараптаманы қайта жүргізуді сұрайды
Жаңалықтар
![Қайрат Нұртастың анасы: Екеуінің махаббатын сөзбен айтып жеткізе алмаймын](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1584044/image.jpg.webp)
![«Асқазаным іріп кетті»: Күніне 3 құты энергетикалық сусын ішкен қазақстандық өмірімен қош айтыса жаздаған](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1621105/image.jpg.webp)
![Жамбыл өңірінде алғашқы ревматологиялық орталық ашылды](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1621089/image.jpg.webp)
![Қызылорда облысында қос азаматтықпен жүрген шетелдік жауапкершілікке тартылды](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1621079/image.png.webp)
![Париж Олимпиадасы: бүгін Қазақстан құрамасынан кімдер жарыс жолына шығады](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1621099/image.jpg.webp)
![Селин Дион Париж Олимпиадасының ашылу салтанатында өнер көрсетті](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1621085/image.jpg.webp)
![Диверсия: Францияда пойыздардың тоқтатылуы 800 мыңға жуық жолаушыны жолдан қалдырды](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1621077/image.jpg.webp)
![Талдықорғанда өрт сөндірушілер өрттен газ баллонын шығарды](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1621049/image.jpg.webp)
![Астанадағы Момышұлы даңғылы бірнеше күнге жабылады](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1621032/image.png.webp)
![Париж Олимпиадасының ашылу салтанатында Леди Гага өнер көрсетті](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1621040/image.jpg.webp)
![Ақтауда жастарға арналған мамандық курсы ұйымдастырылды](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1621009/image.jpg.webp)
![Садақ атудан Қазақстан спортшыларының Олимпиададағы қарсыластары белгілі болды](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1621102/image.jpg.webp)
![Астананың орталық алаңында 4 мыңға жуық адам Олимпиаданың ашылуын тікелей эфирден тамашалады](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1621058/image.jpg.webp)
![35 тонна. Қытайдан әкелінген құс еті қоқысқа тасталды](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1620854/image.jpg.webp)
![Таразда күдікті полиция учаскесінен қашып кеткен: іздеу жарияланды](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1620789/image.png.webp)
![Абай облысы «қызыл аймақтағы» өңірлер қатарында: ЖЭО қашан жаңғыртылады](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1619525/image.jpeg.webp)
![Абай облысы «қызыл аймақтағы» өңірлер қатарында: ЖЭО қашан жаңғыртылады](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1619526/image.jpeg.webp)
![Абай облысы «қызыл аймақтағы» өңірлер қатарында: ЖЭО қашан жаңғыртылады](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1619527/image.jpeg.webp)
![Су тасқыны: Үкімет бөлген ақша бизнестің тек үштен біріне жеткен](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1619257/image.jpeg.webp)
![Күзге арналған жұлдыз-жорамал: кімдердің жолы болады?](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1007081/image.jpeg.webp)
![Желіде қызды ұрып-соғу оқиғасы түсірілген видео тарады](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1554348/image.jpeg.webp)
![Алматы жаһандық бизнес орталыққа айналады: әлемдік көшбасшылар тарихи форумға дайындалып жатыр](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1553859/image.png.webp)
![Капиталистік жүйеде постколониализмнің орны қандай?](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1551928/image.jpg.webp)
!["Болды, адам болмайды" деген": Актриса өлім аузынан қалған кезін еске алды](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1621074/image.webp.webp)
![Қазақстан құрамасы ту ұстаушыларының суреті қызу талқыланып жатыр](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1620788/image.jpg.webp)
![«Бозоқ» музей-қорығы ұлттық дәстүр мен ғұрып фестивальін өткізеді](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1620764/image.png.webp)
![Ақтөбеде Димаш Құдайберген атындағы арена пайда болады](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1619977/image.webp.webp)
![Шымкентте 64 млн теңгені жымқырған бас есепшінің қаржыны қайда жұмсағаны белгілі болды](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1620826/image.png.webp)
![«Иә, мінезі — тік, оспадарлау»: Қостанайдың өнер адамдары қамауға алынған бас имамның игі істерін еске түсірді](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1620831/image.jpg.webp)
![«Егіл-тегіл жыладым»: Мақпал Исабекованың баласы ауруханаға түсіп қалды](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1620791/image.jpeg.webp)
![Шымкентте жүрек-қан тамыр ауруларынан болатын өлім-жітім азайды](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1620671/image.jpg.webp)