Қызылжарда тасқыннан зардап шеккен тұрғындар техникалық сараптаманы қайта жүргізуді сұрайды

Қызылжар өңірінде тасқыннан зардап шеккен Покровка ауылының тұрғындары техникалық сараптаманы екінші мәрте жүргізуді сұрайды. Бүгін “AMANAT” партиясы Есіл ауданында қоғамдық қабылдау өткізіп, халықтың базынасына құлақ түрді. Сәуір айында Есіл өзені тасып, елдімекендегі бірқатар үйді су басқан еді. Бүгінде жағдай біршама тұрақталды. Жұрт үйлеріне оралып, қалпына келтіру жұмыстарын қолға алды. Мамандандырылған компаниялар бағалау жұмыстарын жүргізіп, үйлер апатты емес деген қорытынды шығарған. Алайда, тұрғындар мұндай шешіммен келіспей отыр. Инга ТОДОРОВСКАЯ, ПОКРОВКА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Мен 2022 жылы Дипломмен ауылға бағдарламасы бойынша Покровка ауылында үй сатып алдым. Қазір ол кепілдікте тұр. Комиссия келгенде оның жағдайы тұруға жарамды болды. Ал қазір қабырғасы қақырайып, төбесі түсіп жатыр. Іргетасы да жарыла бастады. Мен ол үйде кішкентай баламмен тұра алмаймын. Есіл ауданында алапат тасқыннан 3 ауыл зардап шекті. 117 баспана су астында қалды. Тұрғындарға 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде біржолғы көмекке берілді. Қазір енді олар арнайы комиссия бекіткен шығын көлемінің өтелуін күтіп отыр. Жалпы, “AMANAT” партиясы облыс бойынша осымен тоғызыншы рет қоғамдық қабылдау өткізіп жатыр. Гүлфира РАМАЗАНОВА, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ СҚОФ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Біз қоғамдық қабылдауды тасқынның ең қызған шағында өткізуді бастадық. Ол кезде жұртқа психологиялық тұрғыда көмектестік. Одан кейін бір реттік көмекке арыз жіберудің амалдарын түсіндіріп, бағалау комиссиясына қажетті құжаттарды әзірлеуге көмек бердік. Қазір енді шығынды өтеуге қатысты мәселелер туындап жатыр. Енді осы проблемаларды қарастырамыз.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Даниал ағасына жол берді
Германияда бір отбасы үйінде 605 шырша орнатты
Қарағандыда 94 медицина қызметкерінің отбасы қызметтік пәтер алды
Келер жылы қазақстандықтар міндетті медициналық сақтандыруға қанша төлейді
Дзюдо күресіне өзгерістер енгізілді 
ҰБТ-ны қайта тапсыру керек пе? Қаңтар айындағы тестілеуге тіркелудің уақыты келді
“Өз елінің азаматтары бірінші орында тұрады“. Швейцарияда тұратын қазақ анамен сұхбат
Черчесов ағынан жарылды
«Аяз, тұман»: Еліміздің 15 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Тұман, жел, көктайғақ: 25 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды
Черчесов кетпейтін болды
Жаңа жылға сыйлық: ерекше смартфон сатылымға шықты
Германияда бір отбасы үйінде 605 шырша орнатты
Бүгін 11 қалада ауа сапасы нашарлайды
БҚО-да алғашқы жайлы мектеп ашылды
Бүгін еліміздің 11 қаласында ауа ластанады
Өскемен мен Талдықорғанды жалғаған республикалық трасса ашылды
Жылды қалай дұрыс аяқтау керек? Жылды қорытындылау несімен пайдалы?
Елімізде адағы үш күнде ауа райы қандай болады
Қарағандыда 94 медицина қызметкерінің отбасы қызметтік пәтер алды
«Көзін ойып, тістерін қағып алған»: Алматыда ауладан табылған әйелдің анасы сұмдық жайттың бетін ашты
Енді қонағыңыз үйіңізде ұзақ жатып қалса, айыппұл төлеуіңіз мүмкін
Қазақстандықтар қаңтар айында қанша күн демалады?
Абай облысының 101 жастағы тұрғынына жаңа құжат табысталды