Қызылжарда тасқыннан зардап шеккендер жаңа үйдің кілтін алды

Қызылжарда тасқыннан зардап шеккендер баспаналы болды. Қала шетінен жаңа шағын аудан құрылып, жүздеген үй бой көтеруде. Бүгін алғаш салынып болған 53 үйдің кілті тұрғындарға ресми түрде табысталды. Аймақтағы тілшіміз Абзал Құрманкин қуанышты сәттің куәгері болды. Каськовтар отбасы “Ойқала” шағын ауданында 33 жыл тұрған. Топан судың салдарынан үйінен айырылып, далала қалды. Алапат су тасқыны сабаннан соғылған үйдің қабырғасын қақыратты, баспана тұруға жарамсыз болып қалған. Бүгін отбасы жаңа үйге қоныстанды. Лариса КАСЬКОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:Біздің үйіміз 25 минуттың ішінде суға кетті. Осы уақытқа дейін пәтер жалдап тұрдық. Мына үйді көріп, қуанышымызда шек жоқ. Бөлмелер кең, жайлы. Сондай-ақ, әкімдік бізге тоңазытқыш, үстел мен орындықтарды сыйға тартты. “Бірлік” деп аталатын жаңа шағын ауданның құрылысы 5 апта бұрын басталған. Бүгін алғаш салынып біткен үйлерде 53 отбасы қоныс тойын тойлауда.Құрылыс жұмыстары қарқынды. Бір айда дәл осы жерде 700 баспана бой көтереді. Жаңа шағын ауданда 80 орындық балабақшаның да іргетасы қаланды. Ғауез НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:Жаңа үйлердің құрылысымен 11 компания айналысып жатыр. Мен оларға күні-түні еңбектеніп жатқандары үшін алғысымды білдіремін. Бұл жердегі 700 үйді күн суытқанша салып бітіруді жоспарлап отырмыз. Айта кеткен жөн, Петропавлда тасқынның салдарынан бұзылған үйлерді сыруға және жөндеу жұмыстарын жүргізуге облыстың 13 ауданынан арнайы механикалық бригадалар жіберілді. Осы уақытқа дейін Бірлік шағын ауданындағы үйлерге 300 отбасы қоныстануға ниет білдірді. Тасқыннан зардап шеккен тағы 700 адам мемлекет бөлген қаражатқа пәтер сатып алмақшы.

Читать источник astanatv.kz/kz/
АЛМАТЫ ТҰРҒЫНДАРЫ ДӘН РИЗА
Олимпиададан кейін шымкенттік балалардың дзюдоға қызығушылығы едәуір артқан 
Үш қалада ауа ластанады
“Ордабасыға” бас бапкер тағайындалды
Жемістердің кейбір түрлері қатерлі ісік ауруының өсуіне ықпал етуі мүмкін
Алматыда 1983 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан құбыр ауыстырылды
Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, 2024 жылғы қарашада тұтыну бағалары 0,9% өскен
Жыл қорытындысы: «Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді 
Боран соғып, көктайғақ болады
Апта басында елімізде валюта бағамы өзгерді
«Жапониядан 600 миллиард қарыз алдық»: Мақсат Толықбай Үкіметтің бюжетті жоспарлай алмай отырғанын айтты (ВИДЕО)
“90 жылдардағы бандит“. Атақты продюсер күйеуі жайлы ел білмейтін ақпаратты айтты
Жыл басынан бері әлеуметтік төлемдерге 633,4 млрд теңге төленген
Қазақстан өзбек азаматын Ресейден экстрадициялады
Елордада мұз айдыны мен сырғанақтары бар жаңа қоғамдық кеңістік ашылды
23 желтоқсандағы доллар, еуро және рубльдің бағамы жарияланды
Шырша безендірген мұғалім жарақат алды: Аймағамбетов бақылауды күшейтуді ұсынды
"Таза Қазақстан" экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді
Футзалдан Қазақстан кубогының топтық кезеңіндегі 2-тур ойындары өтті
Алматыда қылмыс жасаған өзбекстандық Ресейде ұсталды
Семейде шырша құру кезінде биіктен құлаған мұғалімнің жағдайы белгілі болды
Алматылықтарды 3,7 млрд теңгеге алдап соққан Өзбекстан азаматы экстрадицияланды
Аса ірі алаяқтық жасады деген күдікті Ресейден экстрадицияланды
Аса ірі алаяқтық жасаған күдікті Ресейден экстрадацияланды