Қызылжарда төтенше жағдай жарияланады

Қызылжарда төтенше жағдай жарияланады. Екі күн бұрын өңірде алапат өрт болып, 11 үй өртеніп кетті. Панасыз қалған отбасылар алдымен мектепке уақытша орналастырылды. Кейін әкімдік оларға пәтер жалдап берді. Ойламаған жерді баспанасынан айрылған жұрттың мәселесі енді қалай шешіледі? Тұрғындарға өтемақы төлене ме? Аймақтан - Абзал Құрманкин.Сенной көшесіндегі қамыс өртенген. Қатты жел салдарынан тілсіз жау сол маңға жақын орналасқан тұрғын үйлерді де жайпады. 9 үй бастан аяқ өртеніп кетті. Екі баспана жартылай жанған. Үйсіз қалған отбасылар мектепке орналастырылды. Сонан кейін әкімдік оларға пәтер жалдап, сонда көшірді. Ал кейбіреулері туысқандарының үйін паналауға мәжбүр. Наталья СУРОВЯГИНА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Менің үш балам бар. Олар осы Береке ықшам ауданында оқиды. Әкімдік бізге ұсынып жатқан пәтерлер тым алыс. Жақын маңайдан бір үйді уақытша бергісі келді. Бірақ оның ішінде тарақандар өріп жүр. Сондықтан мен ол үйден бас тарттым. Қиын жағдайға тап болған жанұяларға еріктілер де қолдау көрсетуде. Олар қазір гуманитарлық көмек жинап жатыр. Айсұлу БЕКІМОВА, ЕРІКТІ: Тұрғындар бұл игі істен шет қалған жоқ. Киім-кешек, азық-түлік, көрпелерді әкеліп жатыр. Осы уақытқа дейін өрттен зардап шеккен төрт отбасыға көмектестік. Қалғандары пәтер мәселесін шешкесін келмек. Ал қалалық әкімдік өрттен жапа шеккен тұрғындарға өтемақы төлеу үшін төтенше жағдай жариялады. Арнайы комиссия құрылып, үйлердің жағдайы жіті тексеріледі. Билік өкілдері үйдің құнын толық өтеуді жоспарлап отыр. Бұдан бөлек әр отбасыға 3.5 млн теңге көлемінде өтемақы беріледі. Эльмира СӘДУАҚАСОВА, ҚАЛАЛЫҚ ӘКІМДІКТІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ: Эксперттер бізге келтірілген материалдық шығын көлемін есептеп береді. Біз сол бойынша өтемақысын жасаймыз. Егер сол қаражатқа олар үй алып жатса, онда олар кезекке қойылмайды. Сол өтемақыға сәйкес өздеріне баспана алатын болады. Абзал ҚҰРМАНКИН, ТІЛШІ: Соңғы бір айда аймақта 368 рет өрт болды. 400 гектардан астам аумақ отқа оранды. Орман өрті де өршіп тұр. 9 мәрте орманды өрт шалып, 47 гектар аумақ ағаш күлге айналды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алакөлде қар құрсауынан 6 адам құтқарылды
Бірінші арна кубогы: Қазақстан бүгін Ресей құрамасымен кездеседі
Бүгін еліміздің бірнеше өңірінде қар жауып, көктайғақ болады
ДСМ биыл алғаш рет «Кәсібінің үздігі» республикалық конкурсын өткізді
ТЖМ құтқарушылары - ММА бойынша әлем чемпиондары
Алматыда XII Халықаралық «Бастау» кинофестивалі мәресіне жетті
«Елімнің бақытын тербеген Тәуелсіздік»
ҒЫЛЫМ – МӘҢГІЛІК МҰРА
Талғарда жаңа әкім тағайындау үшін сайлау болып жатыр
Астанада коммуналдық қызметкерлерге алғыс ретінде жаңа челлендж бастау алды
АҚШ ғалымдары адам өмірін қысқартатын 6 өнімді анықтады
"Үздік ауыл дәрігері" номинациясының иегері белгілі болды
Өскеменде жоғалған жас қыздың денесі табылды
Жетісу облысында қар құрсауында қалған алты адам құтқарылды
Қазақстандық сәйгүлік Дубайдағы бәйгеде топ жарды
Астанада Марин Томасов атындағы көше пайда болады
Қытай мен АҚШ арасындағы сауда соғысы күшейді
Талғар тұрғындары жаңа әкімді сайлап жатыр
Қостанай облысында 15 жаңа медициналық нысан ашылды
Өскеменде бір айдан астам уақыт бұрын жоғалған жас қыздың денесі табылды
Өскеменде бір ай бұрын жоғалып кеткен 19 жастағы қыздың мәйіті табылды
Жамбыл облысында қоғамдық моншада өрт шықты
Астанадағы даңғылдың бірі 30 желтоқсанға дейін жартылай жабылды
Астанадан 1 млн текше метрден астам қар шығарылды