Қызылжарда тұрғындар үшін 242 эвакуациялық бекет әзірленді

Қызылжарда биыл қар қалың. Коммуналдық қызмет мамандары көшелерді тазалап үлгермей жатыр. Ал тұрғындар қар ерісе, айналаны су басады деп алаңдайды. Өңірде тасқынның алдын алу шаралары күшейтілді. Төтенше жағдай болса, халық үшін 242 эвакуациялық бекет әзірленген.Биыл 180 мм мөлшерінде жауын-шашын түскен. Бұл қалыпты жағдайдан екі есе көп. Коммуналдық қызметтер қала көшелерінен қарды тәулік бойы шығарып жатыр. Алайда, ұзын-сонар кезекке қаланың кейбір аудандары ілікпей қалған. Мәселен, Ойқала шағын ауданының тұрғындары жыл басынан бастап қар мүлде шығарылмаған деп шағымданды. Леонид ДЕНИСЕНКО, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:Биылғы қыста біздің көшеде мен бір техниканы көрген жоқпын. Коммуналдық қызметтер бізге мүлде назар аудармай кетті. Енді ақұлпаны өзіміз шығарамыз десек, оған да рұқсат жоқ. Кеше жүк көлігін жалдап, ауладағы қарды арнайы полигонға апармақшы болдық. Бірақ көлікті кіргізбей қайтарып жіберіпті. Есіл өзенінің маңына төгейік десек, құзырлы органдар айыппұл саламыз дейді. Қалада көше тазалау жұмыстарына 200-ден астам техника жұмылдырылған. Қыс басталғалы 1 миллионға жуық текше метр қар шығарылды. Алайда оны сыртқа төгудің өзіндік ережесі бар көрінеді. Тұрғындар сол талапты орындауы тиіс, дейді әкімдік өкілдері. Әсем АЙТУЛОВА, ҚАЛА ӘКІМДІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:Қала тұрғындарына және бизнес субьектілері үшін дамбадағы полигонға қар шығару қарастырылған. Ол үшін олар әкімдікке келіп, қандай техникамен қар шығаратыны жайлы ақпарат беру керек. Содан кейін олар полигонға кедергісіз өте алады. Ал тасқынның алдын алу шараларына білек сыбана кіріскен құтқарушылар қызыл суға төтеп беруге сақадай саймыз дейді. Төтенше жағдай қызметкерлері қоймада тоғыз мың тонна инертті материал әзірлеп, жүздеген техникасын дайындап қойған. Әсет ШАЙКИН, СҚО ТЖД ХАБАРЛАНДЫРУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:Биылғы тасқын тұрақты болады деп болжамдап отырмыз. Қазір өзен жағасында орналасқан 87 ауылға қауіп бар. Онда бес мыңға жуық адам тұрады. Біз олар үшін 242 эвакуациялық бекетті дайындап қойдық. Сергеев су қоймасында судың көлемі 87 пайызға толық. Олар да қызыл суды қарсы алуға дайын. Көктем келсе де, солтүстікте әзірге сынап бағанасы минустан жоғары көтерілген емес. Синоптиктер келесі аптада күн жылынады деп отыр. Ал төтенше жағдай мамандары тасқынның алғашқы толқыны сәуірде басталады деп болжауда.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Мемлекет басшысы Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Мағауиннің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
32 жастағы астаналыққа уақытша баспана берілетін болды – сот
Қазақстаның халық жазушысы Мұхтар Мағауин қайтыс болды
Жұмысшы мамандықтар жылынан не күтеміз?
Қыз баланың ер адамға тіктеп қарамағанының өзі – имандылық
Қазақстанда жылжымайтын мүлікті онлайн сату және сатып алу жобасы іске қосылады
Ауылдық медицина – қолжетімділік пен сапаны арттыру
Мопедті тіркеуге  қандай құжат керек?
Өзбекстан Қазақстан қалаларына жаңа автобус бағыттарын іске қосады
Тыныштық пен келісімнің мекені
Жжұмысшы мамандарды дәріптеу қажет
Жұмысшы мамандарды дәріптеу қажет
Алматыда қор-қордың түтініне еліткен 100-ден астам адамға айыппұл салынды
Еңбек пен шеберлік бағаланатын  уақыт
 Кәсібилік және еңбекқорлық біліктіліктің  жаңа сапасын қалыптастырады
Теміржол мамандарын даярлау: жаңа мүмкіндіктер мен тәжірибе
Қазақстандық актер Нью-Йоркте марапатталды
Алматыдағы бос учаскеде жаңа демалыс  аймағы пайда болды
Саматтың сырлы суреттері
Жазушы Мұхтар Мағауин дүниеден өтті
1,2 миллион ауыл тұрғыны жылжымалы кешенде медициналық көмек алды
Отбасының цифрлық картасында еліміздің 20 млн азаматы туралы ақпарат жинақталған
Алматының индустриалды аймағында 2024 жылы 10 жаңа жоба жүзеге асты
Ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарының тізбесін кеңейту жоспарлануда