Қызылжардағы жылу орталығының күл полигонын кеңейту үшін 89 гектар орман оталмақ

Қызылжардағы жылу орталығының күл полигонын кеңейту үшін 89 гектар орман оталмақ. Қазір коммуналдық кәсіпорынның көмір қалдығын төгуге арналған 220 гектар жері бар. Өткен ғасырдан бері пайдаланып жүрген қойма толуға жақын көрінеді. Сондықтан энергетиктер қосымша 239 гектар жер алып, жаңа күл төгу алаңын дайындауды көздеп отыр. Аталған аумақтың үшінші бөлігінде орман алқаптары орналасқан. Сондықтан жылу орталығының өкілдері оны шауып тастамақ. Ал бұған қала тұрғындары мен қоғам белсенділері түбегейлі қарсы.Ольга ВЕРКУЛЕЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Петропавлдың шетіндегі орман қаланың өкпесі болып саналады. Оны шабуға мүлдем болмайды. Солтүстік Қазақстандағы орман алқаптары онсыз да қырылып жатыр. Бұл шешімді қабылдар алдында қоғамдық кеңестің пікіріне құлақ асу керек. Билік өкілдері жерді бөлу жөнінде ресми жауап келмегенін айтады. Сондықтан өзінің жоспарлары жөнінде әзірге жауап беруден бас тартты. Ал «Севказэнерго» компаниясы оталған орманның орнына 10 есе көп ағаш егеміз деп уәде беріп отыр. «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ: «Севказэнерго» компаниясы әкімдікпен бірлесіп, бірнеше жерді қарастырды. Бірақ бірқатар факторларға байланысты бұл учаскілер бізге келмейді. Мәселен, топырақтың сәйкес келмеуі, жерасты суларының тым биік көтерілуі, өндірістік аумақтан тым алыс орналасуы және тағы да басқа. Егер күл төгетін аумақты осы жерде белгілесе, онда бұл қосымша шығынды талап етеді. Өз кезегінде ол бірден тарифтің өсуіне әсер етеді. А. Құрманкин

Читать источник astanatv.kz/kz/
Екі өңірде аязда жоғалып кеткен малшылар табылды
ШҚО қауіпсіздік рейдтері өтіп жатыр
Иран валютасын өзгерткелі жатыр
Алматы метросында ұялы байланыс және интернет қолжетімді болды
Пневмонияға шалдыққан науқастар қатары көбеюде
Арбатта Жаңа жылға арналған ақжарма тілектер пайда болды
«Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді
“Ордабасыға” бас бапкер тағайындалды
Жемістердің кейбір түрлері қатерлі ісік ауруының өсуіне ықпал етуі мүмкін
Алматыда 1983 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан құбыр ауыстырылды
Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, 2024 жылғы қарашада тұтыну бағалары 0,9% өскен
Жыл қорытындысы: «Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді 
Боран соғып, көктайғақ болады
Астанада шаңғы маусымы ресми түрде басталды
Америкалықтар термоядролық станция жасап, шексіз энергияға қол жеткізбекші
1996 жылдан бергі доллар банкноталары айналымнан шыққан жоқ
Енді молдалар қайырымдылық қорына түскен қаржыдан жалақы алады
Шетелдік транзиттік жүк көліктерінен бюджетке қанша қаржы түседі? Көлік министрі жауап берді
Алматылық студенттер маңғыстаулықтардың 130 миллионын жымқырған
Алматыда күніне 160 жұп некесін қияды
Қазақстанда кеме жасайтын зауыт салынады
Алматыда атысқандар ұсталды
Алматы балабақшаларындағы QR-код неге істемей қалды?
Семейде Жаңа жыл шыршасының шамын жағу 25 желтоқсанға ауыстырылды