Қызылжардың автобустарында әртістер халық әндерін шырқады

Қызылжарда автобустарда тегін концерт қойылды. Өнерпаздар қоғамдық көліктерді аралап, халық әндерін шырқады. Аймақтағы тілшіміз Абзал Құрманкин да әншілердің өнерін тамашалады. Абзал, сіз тікелей эфирдесіз.. Абзал ҚҰРМАНКИН, ТІЛШІ: Иа, рахмет, Бекболат! Таң сәреден бастап жұрттың көңіл күйі шат-шадыман. Көктемгі қасиетті мерекенің жылы лебізі шаһардың түкпір-түкпірінде сезіліп жатыр. Тіпті қоғамдық көлікте де. Жергілікті “Теріскей” ансамблінің әртістері автобустарды аралап, жолаушыларға тегін концерт ұйымдастырды. Жеңіс ҚАБДУЛБӘРИЕВ, “ТЕРІСКЕЙ” ФОЛЬКЛОРЛЫҚ-ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ АНСАМБЛІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: Бүгін мына акцияда біз қайда барсақ та осы халық әндері қасымыздан қалмайды. Күміс құмған-ай, беуайдай деген осындай халық әндерін көрермендерге паш етіп жатырмыз. Көңілдері жақсы, жақсы қарсы алып жатыр. Қызылжар өңірінде наурыз мерекесі аясында түрлі көрмелер, концерттік бағдарламалар, спорттық сайыстар өткізілмек. Қала мектептері мен тұрғын үй аулаларында да түрлі шаралар ұйымдастырылуда. Блиц-САУАЛНАМА: - Аспанымыз ашық, отанымыз тыныш, деніміз сау, бақытты өмір болса екен дейміз. Наурыз мейрамы құтты болсын! - Ұлыс күні оң болсын, ақ мол болсын, Наурыз мейрамы құтты болсын! Абзал ҚҰРМАНКИН, ТІЛШІ: Ертең наурыздың 22 күні ұлттық киім киген тұрғындар қаланың барлық автобустарында тегін жүре алады. Мұндай шара Петропавлда алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Бекболат, әзірге осы.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Өзбек футболшысы "Ситиге" ауысу үшін виза күтіп жүр
Білім беру арқылы жұмысшы мамандарды қолдау: Маңғыстау облысында қандай жобалар ашылады
Макинск құс фабрикасында өрт шықты
Ауа райына байланысты екі қаланың оқушылары қашықтан білім алады
Сербиядан аса ірі алаяқтық жасады деген күдікті экстрадицияланды
Электр энергиясы келесі айдан бастап қымбаттауы мүмкін
Мемлекет басшысы Асхат Хасеновті қабылдады
Маңғыстауда жұмысшы мамандықтарына сұраныс артуда
Көшпенділер қалашығына жол салынбақ
Алматылық нейрохирургтер бала өмірін сақтап қалды
Алматыда төбелескен Үндістан студенттері еліне қайтарылады
Бактериялар Альцгеймер ауруын тудырады
Қазақстанда алаяқтар 24 миллиард теңгені жымқырған
Алматыда 2025 жылғы әлеуметтік төлемдер қалай өзгерді?
Көлік салығы толығымен алынып тасталды
Қазақстанда метапневмовирусқа байланысты карантин енгізуге негіз жоқ
Сирек кездесетін көз ауруы Алматыда сәтті емделді
Алматыда жедел жәрдем автопаркі 48 жаңа көлікпен толықты
Жұмысшы мамандықтар жылынан не күтеміз?
Қар тазалауға көліктер кедергі келтіруде
Мобильді аударымдарға қатысты қандай өзгерістер енгізілді?
Бишімбаев ісінде Тахир Халимназаровқа ақша ұсынылғаны рас па?
Тазалау жұмыстарына кедергі келтірмеңіздер
Павлодарда көлігін қыздырмақ болған әйел адамға ірі көлемде айыппұл салынды