Қызылжардың төңірегіндегі Заречный кентінде тұрғындар медициналық қызметтен тарығып отыр

Қызылжар төңірегіндегі Заречный кентінде тұрғындар медициналық қызметтен тарығып отыр. Жұрт ауыл ішіндегі жалғыз амбулаториялық бекеттің жабылатынын естіп, алаңдай бастады. Ауыл ішіндегі медициналық бөлімше 2 мың адамға қызмет көрсетеді. Бүгінде бұл мекеме дәрігерсіз қалған. Халықты бір фельдшер мен екі медбике емдеп жүр. Қарашаның айтуынша, билік өкілдері заречныйлықтарды «Жас өркен» шағын ауданындағы жаңадан ашылған емханаға тіркемек. Қаланың басқа шетінде орналасқан медициналық нысанға жету оңай емес көрінеді. Сондықтан тұрғындар ескі болса да, бірақ әбден үйреніп қалған амбулаторияны қалдыру сұрап отыр. Тамара РЫЖИНКОВА, КАЛА ТҰРҒЫНЫ: Жаңа емханаға жету үшін екі автобусқа міну керек. Яғни, таза жолыма бақандай 400 теңге жұмсалмақ. Сондай-ақ екі барып келуіме екі сағат кетеді. Бізге осында ыңғайлы. Галина ТАСЫМБАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Амбулаториядан дәрігердің кеткеніне жарты жыл болды. Бізге қиын болды. Осының кесірінен басқа емханаға, я болмаса жеке медициналық орталыққа баруға тура келеді. Заречный кентіне жауапты емхана өкілі амбулатория жабылмайды деп сендірді. Бірақ дәрігер табу қиын боп жатқанын жасырмайды. Жалпы қалада терапевт маман тапшы. Николай НОВИКОВ, № 1 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНА ДИРЕКТОРЫ: Заречныйдың дәрігері біліктілігін арттыру үшін бірнеше жылға оқуға кетті. Қазір біз дәрігер іздеп жатырмыз. Бірақ оны бірден тауып алу қиын. Келесі жылы жоғары оқу орындарын аралап, табамыз деп ойлаймын. Жалпы, маман тапшылығы мәселесі жылдан жылға шешімін тауып келеді. Мәселен, соңғы үш жылда тек біздің емхана бойынша дәрігер дефициті 35 пайыздан 18 пайызға дейін төмендеді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қан тамырлар саулығы: рационға қосу керек топ-8 өнім
Құрмамен бірге жеуге болмайтын өнімдер аталды
ТЖМ қызметкерлері Қарағандыда өрт кезінде 6 адамды құтқарды
«Мен қазақпын»: Астанада бір сәтте 700 оқушы патриоттық әнді шырқады
Адам қанша литр шай ішкеннен кейін өліп кетуі мүмкін?
ТЖМ қызметкерлері Қарағандыда өрт кезінде 6 адамды құтқарды
Қан тамырлар саулығы: рационға қосу керек топ-8 өнім
2025 жыл қандай болмақ?
Алматыда «баррамунди» экзотикалық балық түрі өсіріледі
Құрмамен бірге жеуге болмайтын өнімдер аталды
“Қанды желтоқсанның сызы әлі байқалады”: желтоқсан оқиғасына қатысқандар не дейді?
Өскеменде бір ай бұрын жоғалған 19 жастағы қыздың денесі табылды
Бірнеше облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Астанада Бибігүл Төлегенованың 95 жасқа толуына орай салтанатты концерт өтті
Есте сақтау қабілетін жақсартатын ең оңай тәсіл белгілі болды
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Алматы облысына барды
«Көзімнің тірісінде күйеуге шыққанын көргім келеді»: Мақпал Жүнісова арманын айтты
Алматыға жақын маңда жер сілкінді
ММА-дан әлем чемпионаты: Ақтөбелік полицей финалда техникалық нокаутпен жеңіске жетті
Алматыдан 88 шақырым аумақта жер сілкінді
Алматы маңында жер сілкінді
Алматыдан 88 шақырым жерде жер сілкінді
Ер адамдар неге көзге шөп салады? Психолог жауабы
Қазақстан құрамасы шайбалы хоккейден Олимпиадаға іріктеу кезеңін жеңіспен аяқтады