Қызылжарлық мектепте балтадан зардап шеккен балаларға алғашқы көмек көрсеткен фельдшер сынға ұшырады

Қызылжарда мектепке балта мен пышақ әкеліп, балаларды жарақаттаған оқушы қамауға алынды. Бүгін облыстық сот ресми шешімді жариялады. Еске салайық, Петропавлдағы нөмірі төртінші мектепте тоғызыншы сынып оқушысы балаларға балтамен шабуылдап, үшеуін жарақаттаған болатын. Зардап шеккендерге операция жасалды. Ал қаруланған жасөспірімнің психикалық диспансерде тіркеуде тұрғаны белгілі болды. Үш ай бойы ауруханада жатып шыққан баланың ақыл ойындағы серпілісті мектеп психологтары байқамаса керек.ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ТЕРГЕУ СОТЫ: Ақпанның он бесі күні Петропавл қалалық мамандандырылған тергеу соты Д есімді кәмелеттік жасқа толмаған азаматты 2 айға қамауға алу туралы шешім шығарды. ҚР Қылмыстық кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстарының басқа тұстары жария етілмейді. Ал балаларға бірінші көмек көрсеткен фельдшер сынға ұшырады. Денсаулық сақтау басқармасы оның ережеге сәйкес әрекет етпегенін айтты. Мәселен, бір емес үш жәбірленуші болғандықтан медициналық қызметкер оларды өзі жалғыз емдемей, қосымша күш шақыртуы тиіс болған. Юрий БЕЛОНОГ, СҚО ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТІ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Аға дәрігер немесе фельдшер жәбірленушілердің жағдайын 3G стандарты бойынша бағалап, сол ауысымның аға дәрігерімен қосымша күш жайында ақылдасуы тиіс. Бірақ біздің фельдшер былай істеуді жөн көрмеді. Аға дәрігер қосымша күштің қажет екенін мектеп қызметкерлерінен білген. Бұл жағдай енді емдеу комиссиясының отырысында қаралатын болады. А. Құрманкин

Читать источник astanatv.kz/kz/
Астанада полицей қыздың мәйіті табылды
Колледждер үшін қазақ тілінде 100 оқу құралы жазылады
«Бәрін өшірдім – болды!»: Путинцева Олимпиададан бас тартқаннан кейінгі хейт туралы не айтты?
От құдайы оянды
Қазақстанда 13,7 мыңнан астам шетел азаматы жұмыс істейді
Мәслихат депутаттары Алматының жаңа Қала құрылысы регламентін бекітті
Алматыда құрылысқа қатаң шектеулер күшіне енгізіледі
2024 жылғы су тасқыны: азаматтарға әлеуметтік көмек, үйлер мен инфрақұрылымдар салу және қалпына келтіру
Бүгін түнде әлемде қандай оқиғалар орын алды
Қайтарылған активтер есебінен Петропавлда балабақша салу үшін 2 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді
WhatsApp кейбір ескі смартфондарда жұмыс істемейді.
Қазақстандық волонтерлер Ташкенттегі халықаралық форумға қатысып жатыр  
Жылдың үздік спортшысы мен жаттықтырушысы анықталды
Тұман түсіп, батыста көктайғақ болады
Келер жылы қазақстандықтар міндетті медициналық сақтандыруға қанша төлейді
Денсаулық туралы кодекстен шамадан тыс реттеу алынып тасталды
Астанада полицей қыз тоғызыншы қабаттан құлап қаза тапты
Астанада Дариға Назарбаеваға қатысты компаниядан қонақүй тартып алынды
Сметов мемлекеттік қызметке бара ма? Спортшының өзі жауап берді
2024 жылдың үздік спортшысы мен бапкері анықталды
Қазақстан Қарулы Күштері ұшқышсыз ұшу аппараттарын өрістетуде
2025 жылы МӘМС жүйесінде қандай өзгерістер болады?
Алматыда тұрғын үйді күтіп ұстауға арналған тариф қымбаттады
Алматыда құрылысқа қатаң шектеулер күшіне енгізіледі