Қызылжарлық Владимир Кан ауыл шаруашылығы саласында 37 жылдан бері еңбек етеді

Биыл еліміз бойынша 17 миллион тоннаға жуық астық жиналды. Сала мамандары қолайсыз ауа райына қарамастан егіннің бітік шыққанын айтады. Әрине, бұл орайда дала түсінде ала жаздай еңбек еткен шаруалардың еңбегі орасан. Төскейін толтыра мал өргізген жандар да ел экономикасын арттыруға үлес қосып отыр. Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні қарсаңында еңбегі елеулі азаматтар туралы айтамыз. Тілшілерге сөз берейік. Абзал ҚҰРМАНКИН, ТІЛШІ: Қызылжарда биыл 4.5 млн гектардан астам алқапқа егін егілді. Ылғалдылық көрсеткіші мейілінше төмен болғанмен, шаруалар гектарынан орташа 11 центнерден алған. Ал кейбір диқандар жеке тәжірибесінің арқасында гектар шығымдылығын 2 тоннадан асырған. Мәселен, Владимир Кан ауыл шаруашылығы саласында 37 жыл еңбек етеді. Дәнді және майлы дақылдарды өсірудің қыр-сырын меңгерген маман бүгін облыс әкімінің алғыс хатына ие болды. Владимир КАН, ДИҚАН: Бізде 3.5 мыңға жуық егістік алқаптары бар. Бидай мен зығыр өсіреміз. Егін егіп қана қоймай, оны қайта өңдеу ісін де меңгердік. Зығыр майын жасап, экспортқа шығарамыз. Биыл Қазақстан тарихында алғаш рет бұл өнім түрін Жапонияға жібердік. Бүгін біздің еңбегіміздің еленіп жатқанына дән ризамыз. Ал Гюлага Илдымыров көкөніс өсіру ісін жолға қойған. Шаруа жылыжайларға басымдық беріп, Қызылжар өңірін қысы-жазы қияр-қызанақпен қамтып отыр. Гюлага ИЛДЫРЫМОВ, ШАРУА: Бірнеше гектарға жайғасқан жылыжай кешенінде біз қияр мен қызанақ өсіреміз. Биыл 300 тоннадан артық өнім алдық. Барлығы ішкі нарықта саудаланап жатыр. Бүгін бірқатар шаруа марапатқа ие болды. Билік тарапының бізге ілтипат білдіріп отыратыны қуантады. Себебі, еңбек бағаланып отырса, адамның ынтасы еселене түседі. Абзал ҚҰРМАНКИН, ТІЛШІ: Солтүстік Қазақстан облысында 5 мыңнан астам ауыл шаруашылығы кәсіпорны бар. Бұл салада 90 мыңға жуық адам еңбек етіп жатыр. Ал өндірілген өнім көлемі 775 миллиард теңгеге жуықтайды. Өзгеріс ҚУАНАР, ТІЛШІ: Павлодар облысы да шаруаларға кенде емес. Мал өсіріп, егін еккен фермерлер баршылық. Барлығы да еселі еңбектің арқасында жетістікке жетіп отыр. Соның бірі – Манат Алғамбаров. Ол Павлодар облысына қарасты Екібастұз ауылдық аймағының Шідерті ауылында туып өскен. Қазір осы ауылдағы үлкен бір шаруа қожалықтың иесі. Бүтін бір елдімекеннің дамуына ықпал етіп отырған кәсіпкер. Қожалықта 5 мыңға жуық түлік бар. Шаруа қазақтың асыл тұқымды ақ бас сиырлары мен жылқысын өсіруді қолға алған. Манат АЛҒАМБАРОВ, ШАРУА: Малға сондай құштарлығым, бала кезімде бүкіл ауылдың қой, ешкі сиырын жатқа танитынмын да. Бүкіл ауыл кешке мал келген кезде менен келіп сұрайды. Менің ана қойым жоқ, мына қойым жоқ деп. Сосын айтам сіздің қойыңыз ана үйде тұр. Сіздің қойыңыз мына үйде тұр деп айтып берем. Содан да шығар малды өте жақсы көрдім. Мал енді баққанға бітеді дейді ғой. Кейіпкеріміздің шаруа қожалығын құрғанына биыл тура 23 жыл толды. 12 бастан басталған төрт түліктің қарасы қазір мыңдаған малға жеткен. Шаруашылықта ауылдың 50-ге жуық тұрғыны жұмыс істейді. Олардың барлығына тұрақты жалақы мен материалдық көмек көрсетеді. Дәурен МАҚАЖАНОВ, ЖЫЛҚЫШЫ: Айлық уақытылы. Жем шөбіміз қыстық көмегі. Отын судан көмірі бар. Жалғыз менікі ғана емес, 4-5 семья. Қысқасын айтқанда, қолайлы жалақысы қаладан кем емес. Ауылдың балалары қалада тентіріп жүргеннен қарағанда, ауылдық жерде көп жағдай жақсы болып тұр ауылдың балаларына осындай жұмыстың. Шаруа өзі де бала кезінен мал баққан. Сондықтан төрт түліктің жайын жақсы біледі. Осынау қалың малды қыстан жұтатпай алып шығу да оңай шаруа емес. Сол себептен қыстың қамын жаздан ойластырып қойған. Малды бағуда да өзіндік әдісті қолданады. Манат АЛҒАМБАРОВ, ШАРУА: Осындай халге жету үшін әрине күні-түні еңбек ету керек. Еңбек етсең меніңше, түгелі болады. Ол үшін Үкімет жағынан да үлкен көмек болу керек. Мен ойлаймын, осы Үкімет жағынан үлкен көмектің арқасында, ауыл азаматтарының арқасында, Алла Тағаланың өзінің қолдағанының арқасында мен осындай халге жеттім деп ойлаймын. Өзгеріс ҚУАНАР, ТІЛШІ: Атакәсіпті серік еткен шаруа кішкентайынан малға қырағы болып өскен. Негізгі мамандығы да осы мал шаруашылығымен тікелей байланысты. Қазір Екібастұз қалалық мәслихатының депутаты ретінде халықтың сөзін сөйлеп жүр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қуат Хамитов Нұрберген Шәріппен күресіп, әзер жеңді (ВИДЕО)
«Басына тигені жақсы»: Гүлзира Айдарбекова үйінен айырылған Жұлдыз туралы сын айтқандарға жауап берді
Дәрі-дәрмек емдей ме?
“Аса қауіпті“. Қандай адамдарға моншаға баруға болмайды?
Ұйықтар алдында мандарин жеуге бола ма?
Жүрек ауруына әкеп соғады: жатын бөлмедегі жарық несімен қауіпті?
Алаш қозғалысының тарихына қатысты архив материалдарының жинағы жарық көрді
Жаяу бұрқасын, көктайғақ болады: 15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
ТЖМ құтқарушылары Жамбыл облысындағы өртті сөндірді
«Қыз үшін»: Париж Олимпиадасына қатысқан қазақ спортшысын сабап кеткен
Абай облысындағы тасжолда қатты жел жүк көлігінің тіркемесін аударып жіберді
Қарағанды облысындағы тасжолдың бір бөлігі ауа райына байланысты жабылды
«Басына тигені жақсы»: Гүлзира Айдарбекова үйінен айырылған Жұлдыз туралы сын айтқандарға жауап берді
Павлодар облысындағы алтын кеніште ер адам қаза тапты
Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық экспортталды
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Қарағанды мен Павлодар облыстарының кейбір бөліктерінде жол қозғалысы шектелді
Астанада кезекті жайлы мектеп ашылды
Парламент президентке импичмент жариялады
Футбол алаңынан саясат алаңына
Ақтөбе облысындағы жол апатынан 8 адам көз жұмды: жүргізуші кінәсін мойындады
«Өлсем, бәрі жеңілдейтін сияқты»: Енесі мен күйеуінен шаршаған танымал блогер мерт болды
Ауа райына байланысты Қарағанды, Павлодар облыстарында жол жабылды
Астана Орталық Азияда бірінші болып тұрақты дамудың халықаралық сертификатын алды