Қызылжарда ауыл тұрғындары мемлекеттік бағдарламаның шарапатын көріп отыр. Бескөл елдімекенінің жұрты “Ауыл Аманаты” жобасының аясында жеңілдетілген несиеге ие болып, кәсібін дөңгелетуде. Сара Сатыбалдина 8 миллион теңге көлемінде кредит алып, қомақты қаржыға 500 тауық сатып алған. Соның арқасында күнде ауыл халқын жұмыртқамен қамтып, нәпақа тауып отыр. Болашақта шағын шаруашылықты ірі фабрикаға айналдыруды көздейді. Сара САТЫБАЛДИНА, КӘСІПКЕР: Күнде 450ге жуық жұмыртқа аламыз. Тауарға сұраныс бар. Келесі жылы тауықтардың біршама бөлігін асыл-тұқымды құсқа ауыстыруды жоспарлап отырмыз. Соның арқасында шаруашылықтың қуаттылығы арта түседі деген ойдамыз. Жалпы, Қызылжар ауданы бойынша "Ауыл аманаты" жобасы аясында 45 кәсіпкер 400 миллион теңге көлемінде несие алған. Ауыл жұрты мал мен құс шаруашылығы, қызмет көрсету салаларына басымдық берген. "Аманат" партиясының өкілдері әрдайым бақылау жасап, бағдарламаның тиімді орындалуын қадағалап отырады. Гүлсім КӘРІМОВА, “AMANAT” ПАРТИЯСЫ СҚОФ ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНДЫҚ БӨЛІМІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ: “AMANAT” партиясы мониторинг жұмысын жүргізіп жатыр. Бүгінде Әр кәсіпкер өз жұмысын істеп жатыр. 2024 жылға ауыл тұрғындарынан 20 арыз келіп түсті аманат партиясына. Осы бағдарлама бойынша биыл несие алмақшы.