«Қызылорда-Жезқазған» автожолы қайта жаңғырады

Қызылордада көп өнім беретін күріштің жаңа түрі шығады. Ғалымдар қазір оны сынақтан өткізіп жатыр. Бұл сорт 10 центнерден жоғары өнім беріп, 10-15 күн ерте піседі. Сыр диқандары биыл 503 мың тонна ақ маржан жинаған. Су тапшылығына қарамастан оның көлемі өткен жылмен бірдей. Аймақта тағы қандай өзгеріс бар? Аружан Задабек тоқталады.Жақында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда обласына іс-сапармен барып, біраз мәселені көтерді. Сонда қозғалған өзекті тақырыптың бірі – жол сапасы. Қазір «Қызылорда-Жезқазған» автожолы Президенттің тікелей тапсырмасымен қайта жаңғыртылып жатыр. Жоба құны – 108 млрд 500 млн теңге. Жалпы биыл республикалық және облыстық бюджеттен 38 млрд теңге бөлініп, 671 шақырым жол жөндеуден өтті. Нұрлыбек НӘЛІБАЕВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазан айындағы сапарында өңір үшін маңызды мәселелерге қатысты тарихи шешімдер қабылдады. Бірінші көптің көкейінде жүрген «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық дәлізінің Ақтөбе қаласына дейінгі аумақты 1 санатқа ауыстыру болатын. Бұл жөнінде Мемлекет басшысы Үкіметке мәселені тез арада шешуді тапсырды Қызылордада өңдеу өнеркәсібінің үлесі 30 процентке ұлғайған. Облыстың бюджеті 609 млрд теңгеге жетті. Өсім – 57 пайыз. Облыс әкімі алдағы 6 жылда 65 жоба жүзеге асып, 9 мың жаңа жұмыс орыны ашылады, - дейді. Биылдың өзінде 14 млрд болатын 15 бағдарлама іске қосылған. Нұрлыбек НӘЛІБАЕВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Биылғы 10 айда өңдеу өнеркәсібі 24,2 пайызға, ауыл шаруашылығы – 2,6 пайызға, құрылыс жұмыстары көлемі – 21,2 пайызға, тұрғын үй – 16,7 пайызға, сауда – 4,3 пайызға, көлік және қоймалау көлемі – 8,8 пайызға, негізгі капиталға тартылған инвестиция – 27,7 пайызға артты. Жеке инвестициялар 34,6 пайызға өсті. Өңірдегі барлық аудан орталығы мен 4 қала, 19 елдімекеннің тұрғындары көгілдір отынның игілігін көріп отыр. Халықтың 75 проценті газбен толық қамтылған. Келер жылы тағы 12 ауылға желі тартылады. Ал ауыз су мен ыстық су мәселесі 2025 жылға дейін толық шешілмек.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Тәуелсіздік күнінде ауа райы қандай болады?
Шетелдік туристерге Қазақстанның тәтті кәдесыйлары табысталады
Қызылордада 16 жастағы қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген күдікті сотталды
Отшашуға толы Mercedes Benz жүк көлігі өртенді
АУДАН АЖАРЫ АЙШЫҚТАЛЫП КЕЛЕДІ
2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты: Қазақстанның қарсыластары анықталды
"Реал" шабуылшысы Килиан Мбаппе жарақат алды
Мас күйде рульге отырған 47 жүргізуші жазадан құтылмады
Алматыда «Француз үйі» атауы заңсыз пайдаланылғаны анықталды
Франсуа Байру Францияның жаңа Премьер-министрі болып тағайындалды
Алматыда «Мемлекеттік қызмет» музейі жаңа форматта ашылды
Шерзат Полаттың әкесіне қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды
Алматыда автобустың жол жүру уақыты қысқарады
Астананың бір ауданы жарықсыз қалды
Қаңтардан қаңтарға дейін...
Астананың бір ауданы жарықсыз қалды
Астанада 300 мың адам қалалық диктантқа қатысты
Париж Олимпиадасына қатысқан қазақстандық семсерлесушіні соққыға жығып кетті
Астанада мас азамат өзгенің көлігін айдап кетіп, бағанға соғылды
Алматыда Бизнес хаб пен студенттік емхана ашылды
«Шұбар» қосалқы станциясындағы жағдай: жедел бригадалар жұмыс істеп жатыр
Алматыда «Мемлекеттік қызмет» музейі ашылды
Ертең елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады
Кабель желісін ұрлап кеткен: астаналықтар жарықсыз отыр