"Қызылорда-Жезқазған" жолының құрылысы келер жылы қарқын алады

Қызылорда мен Ақтөбе арасындағы халықаралық автодәліз құрылысы келер жылы басталады. Бұл туралы көлік министрі Марат Қарабаев айтты. Сондай-ақ, министр қаладағы бірнеше нысанды аралап, тұрғындармен кездесті. Қызылорда мен Ақтөбе арасындағы халықаралық жолдың тарлығы, салдарынан жол-көлік апаттарының көбейгендігі халықты алаңдатқан еді. Мемлекет басшысы мәселені назарға алуды қатаң тапсырды. Министр келер жылы құрылыс Ақтөбе қаласынан басталып, кеңейтілетінін айтты. Ал тұрғындар жол құрылысын отандық компаниялар жүргізсе деген ұсыныстарын жеткізді. Өмірбек ШӘМЕНОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Екінші кезеңі басталғанда біздің осы Қызылорда облысының, мен басқа өңірлерді айтпаймын, Қызылорда облысының жол компаниялары осыған қатысса деймін. Ол қатысу үшін конкурстың талаптарын сол деңгейге келтіру керек. Кездесу барысында Арал ауданына қарасты Сексеуіл кентіне барар жолдың сапасы туралы айтылды. Сонымен қатар, Қызылорда-Жезқазған арасындағы жолдың жайы да назардан тыс қалмады. Министр алдағы жылы құрылыс қарқын алатынын жеткізді. Марат ҚАРАБАЕВ, ҚР КӨЛІК МИНИСТРІ: 5 участокке бөлінген 200-ден аса шақырым жолда тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. соның құрылысымен таныстық. Ол жақта біздің жоспарымыз келесі жылы сол 5 учаскінің екіеуін толығымен бітіреміз деп отырмыз. Алдағы жылы, одан соң 2025 жылға тарай жалпы Қызылорда облысы бойынша осы Қызылорда Жезқазған бағытында салынып жатқан 200-ден аса шақырымды толығымен іске қосамыз деп жоспарлап отырмыз. Марат Қарабаев жаңадан салынып жатқан автовокзал құрылысымен танысты. Нысан пайдалануға берілгеннен кейін ауданаралық ғана емес, халықарлық рейстер де іске қосылмақ. Сонымен қатар, Астана, Алматы секілді 8 қалаға автобус шығарылады. Жобада сауда нүктелері, автокөлік жөндеу орны қарастырылған. Министр одан әрі жақында жөндеуден өткен теміржол вокзалына да барды. Содан соң заман талабына сай салынып жатқан әуежайдағы жұмыстармен танысты. Әуежай терминалы келесі жылы пайдалануға беріледі.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Өткен жылы еліміздің стационарларында 3,4 млн-нан астам науқас емделді
6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Өткен жылы елдегі стационарларда 3,4 млн астам пациент емделді
Әлемдегі ең қарт адам қайтыс болды
Елордадағы емханаларда Face ID жүйесі енгізілді
“Бұл өнердің шегі жоқ“. Каллиграфия арқылы әлемдік брендтерге ұсыныс алған қазақ қызы
1 қаңтардан бастап Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы қанша теңгеге өсті?
Жаңақорған ауданында 124 отбасы баспаналы болды
Қысқы Универсиадада Қазақстан намысын қорғайтын спортшылар белгілі болды
Тұман, көктайғақ күтіледі: Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Универсиада-2025: Қазақстандық хоккейшілердің ойын кестесі белгілі болды
Әлемнің ең қарт адамы қайтыс болды
Жабық жолға шыққан жүргізушілерге қандай жағдайда айыппұл салынады?
Нұрқожа Қайпанов: «Шавкат Белал Мұхаммедті сенімді түрде жеңеді»
Лоторея, тіс протезі: Өткен жылы Алматыда жоғалған ерекше заттар
Күнбағыс майының алғашқы партиясы өңірлерге жөнелтіледі
“ЭКҰ арқылы босанды“. Өмірқұл Айниязов ел білмейтін құпиясын ашты
Ақтөбеде электр желілеріне мұз қатып, жарық сөнді
Елімізде 12 судья қызметінен босатылуы мүмкін
Өскеменде үй саламыз деп 102 азаматты алдаған күдіктілер ұсталды
Тұман, көктайғақ: 6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы