Қызылорда облысы Сырдария ауданының жастары еңбек бригадасын құрды

Қызылорда облысы Сырдария ауданының жастары егін егіп, маңдайтермен нан табуда. Арнайы еңбек бригадасы құрылды. Оған жұмыссыз жастар тартылды. Бақша дақылдарын егіп, жинаған өнімдерін күзде сатылымға шығарады. Замандастарына үлгі болып жүрген жастармен Мәжілістегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Мұрат Ергешбаев пен Мархабат Жайымбетов кездесті. Өмірзақ Есболатов Айдарлы ауылындағы жастар бригадасында жұмыс істейді. Оның құрамында алғашында 6 жігіт еңбек етсе, қазір 15 адамға жеткен. Егіс алқабының көлемі де жыл өткен сайын артып келеді. Жас бағбаншылар азаннан қара кешке дейін егіс алқабында тер төгеді. Өмірзақ ЕСБОЛАТОВ, ЖАСТАР БРИГАДАСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Таңғы сағат бесте осы жерде боламыз. Отағын отаймыз, суарамыз, түбін бірлейміз. Еңбекпен шұғылданғанның бірінші өзіңнің денсаулығыңа да жақсы, одан кейін өзіңнен кейінгі өсер ұрпаққа да жақсы өнеге бересің. Одан кейінгі өздеріңіз білетіндей, нанымыз, қыстайғы жейтін азығымыз бар. Еңбек жасақтары Сырдария ауданының 7 ауылдық округінде бар. Оның құрамында жұмыссыз ретінде тіркелген 200 жас еңбек етеді. Оларға мемлекет тарапынан уақытша пайдалануға жер берілген. Сонымен қатар, қажетті техникамен, жанар жағармаймен қамтамасыз етілген. Мәжілістегі «AMANAT» партиясы фракциясы мүшелерімен кездескен олар көрсетілген қолдауға алғыстарын айтып, ұсыныстарын да жеткізді. Нұрман ӘБДІРАСИЛОВ, СЫРДАРИЯ АУДАНДЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Тұқымды көтеру үшін пайдаланылатын тыңайытқышқа мемлекет тарапынан болмаса, демеушілер тарапынан қолдау болады ма деген ұсыныстарын айтып жатыр. Мұндай еңбек бригадасы елімізде 4 жыл бұрын алғаш рет Сырдария ауданында қолға алынған. Бұл бастама өзге облыс жастарына да үлгі деді фракция мүшелері. Мұрат ЕРГЕШБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Каналдардың барлығын бюджет арқылы тазаланып берген болатын. демеушілер арқылы жастарға да қолдау көрсетіліп жатыр. бұл жерде қуантарлық жағдай жастар далада сандырамай егінмен, тірлікпен айналысамын деген ниеттері өте керемет. Біз қолдаймыз оны. «AMANAT» партиясының «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында да көруге болады. Биыл аудан жастары 60 гектар жерден мол өнім алуды жоспарлап отыр. Оның 35 гектары картоп, қалғаны бақша дақылдары. Бұл өнімдер күзде облыс орталығында өтетін жәрмеңке қолжетімді бағада сатылатын болады. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Жаңартылатын энергия көзін дамыту – көміртегі бейтараптығына қол жеткізуге көмектесетін стратегиялық қадам
Қазақ боксы өзбектен бір саты төмен тұр
“Астана“ - “Челси“ ойынын қайдан көруге болады?
Енді Қазақстанда жазғы үйлердің аумағы 50 шаршы метрден аспауы тиіс
TikTok 2024 жылы: Қазақстандағы ең жарқын сәттер мен трендтер
Алматыда жастарға сейсмикалық қауіпсіздік туралы ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде
Қазақстанда ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты
Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде екінші орынға көтерілді
Тағы бір өңір ваучерлік қаржыландыру жүйесіне қосылды
Алматыда «Француз үйі» ТҮК сүріліп жатыр
Халықаралық жасөспірімдер арасындағы жаратылыстану-ғылыми олимпиадасында қазақстандық оқушылар 100% нәтиже көрсетті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу облысына барды
Алматыда жаңа автобус бағыты ашылады
Олжас Бектенов Мәскеуде ТМД үкіметтері басшылары кеңесі отырысына қатысты
Доллар тағы қымбаттады
Қазақстан хоккейшілері әлем чемпионаты алдында екі жолдастық кездесу өткізеді
Республикалық автожолдардағы ауа райы туралы мәлімет жарияланды
№29 қалалық емханада аудиологиялық скринингтің кабинет ашылды
Алатауды әуелеткен күй ғұмыр
Қазақ циркінің жұлдыздары халықаралық фестивальде Алтын жүлде иеленді
Қазақстанда жауапсыз жұмыс берушілердің тізімі пайда болады
Алматыда Тәуелсіздік күні қандай іс-шаралар өтеді
Көз жанарының сақшысы
Алматыда «Наркостоп» жобасының 2024 жылғы қорытындысы жасалды