Қызылорда облысында 10 жыл бұрын шетінеп кеткен сәбиге лагерьге жолдама берілген

Қызылорда облысында осыдан он жыл бұрын шетінеп кеткен сәбиге жаңылысып мектеп жанындағы лагерьге жолдама беру жағдайы тіркелген. Қателікке жол берген директор мен тиісті маман қатаң сөгіс алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Бұл жөнінде әлеуметтік желі беттерінде жарияланды. Онда Арал қаласындағы №220 мектепте он жыл бұрын шетінеп кеткен нәрестеге мектеп жанындағы лагерьге жолдама бергені айтылған. Аталған жағдайға Арал аудандық білім бөлімі төмендегіше түсінік берді. Оған қатысты №220 орта мектепте зерделеу жұмыстары жүргізіліп, арнайы жиын өткізілген. Оған жергілікті үкіметтік емес ұйым өкілдері, аудандық мәслихат, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен және мектеп қызметкерлері, аудандық білім бөлімінің басшысы қатысқан. «Оқушылардың жазғы демалысын тиімді өткізу мақсатында жалпыға міндетті оқу қорынан мектеп жанындағы жазғы тынығу лагеріне №220 орта мектебінен 90 баланың тізімі жасақталған. Жолдама алу үшін E-gov порталына тіркеу барысында мектептің әлеуметтік педагогы Ақтоты Құлмырзаева жауапты ата-ананың өтінішіне сәйкес электронды кілті арқылы жеке кабинетіне кірген. Содан кейін №220 орта мектебінің 1 «в» сыныбының оқушысы Заңғар Дәуренұлын тіркеу үшін өтініш жіберудің орнына, қателесіп отбасы тізімінде тұрған 2013 жылы қайтыс болған бауыры Бейбарыс Дәуренұлының атынан қате сұраныс жүргізген. Негізі E-gov порталында бала дүниеден өтсе де аты-жөні жанұя құрамының тізімінде тұрады. Дегенмен, сол мезетте қате жібергенін көріп, тынығу лагеріне баруға тиіс Заңғар Дәуренұлын қайта тіркейді. Қажетті құжаттама дайындалып, оқушы лагерьге жіберілді. Алайда, қайтыс болған баланың өтініші кейін қайтарылмай, порталда қалып қойған», - деп мәлім етті Арал аудандық білім бөлімінен. Зерделеу барысында Бейбарыс Дәуренұлының E-gov порталындағы өтініші мақұлданбағаны, демалушы балалардың тізімінде жоқ екені анықталды. «Оған тынығу лагеріне қатысты ешқандай қаражат қаралмағаны анықталды. Құжаттардың барлығы заңға сәйкес рәсімделген. Жиын қорытындысы бойынша тіркеу барысында жауапты маманның баланың аты-жөнін шатастырып алғаны расталды. Нәтижесінде №220 орта мектебінің директоры Әліби Әбілбаев және әлеуметтік педагог Ақтоты Құлмырзаева, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айым Сейіловаға «қатаң сөгіс» жарияланды», - деп толықтырды білім бөлімінен.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақ футболы үшін өткен жыл несімен есте қалды?
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Астанадан бір күнде 3 мыңға жуық рейспен қар шығарылды
Ертең Алматыдағы ботаникалық бақ жұмыс істемейді
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі: Энергия тиімділігі картасы аясында бір жылда 31 жоба енгізілді
Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады