Қызылорда облысында 49 ауылда соңғы 2 жылда қылмыс тіркелмеген

Қызылорда облысында 49 ауылда соңғы 2 жылда қылмыс тіркелмеген. 18 ауылда спирттік ішімдік сатылмайды. Дегенмен, облыста оқушылар арасындағы топтық төбелес, құқық бұзушылық тыйылмай тұр. Бұл орайда ата-аналардың жаупкершілігін күшейту қажет дейді облыс прокурорлары. Ұсыныс та енгізіліп, жұмыс жасалуда.Жыл басынан бері облыс прокурорларымен мемлекет бюджетіне 500 млн теңгеден аса қаржы өндірілген. Ал кадастрлық құны 23 млн теңгені құрайтын 21 жер учаскесі мемлекетке қайтарылған. Сонымен қатар халықтың да құқығы қорғалып, ауыз су тарифін төмендетуге де ұсыныс енгізіліпті. Рижабек ОЖАРОВ, ОБЛЫС ПРОКУРОРЫ: Облыс бойынша халықты ауызсумен қамтамасыз ететін Арал кәсіпорындары бірлескен дерекциясы облыстық филиалы 2023 жылдың қорытындысымен тарифтік сметаны 460 млн теңгеге орындамаған. Бұл ретте тарифтің орындалмаған суммасын тұтынушыларға қайтаруға тариф төменделуге жатады. Алдағы уақытта тарифті 30 теңгеге төмендету күтілуде. Салада атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 123 мың азаматтың құқығы қорғалған. 600-ден астам кәсіпкердің мәселесі шешіліп, 14 лауазымды тұлға жауапқа тартылыпты. Соның нәтижесінде 578 млрд теңгені құрайтын 5 инвест жоба бойынша кедергілер жойылған. Рижабек ОЖАРОВ, ОБЛЫС ПРОКУРОРЫ: Сырдария ауданы бойынша сұйытылған табиғи газ өндіретін зауыты жобасы бойынша инвестор 3 гектар жерді табыстаудан мерзімдері кемітіп берілген, инвестордің құқығы шектелген. Қадағалау актісі негізімен шешімі заңға сәйкетендірілді. Сала мамандарының айтуынша, 144 ауылдық округтің 49-ында соңғы 2 жылда қылмыс тіркелмеген. 18 ауылдың дүкендерінде арақ-шарап сатылмайды. Бұл ахуалдың тұрақтылығының басты себебі дейді олар. Алайда, интернет алаяқтарынан алданғандар саны азаймай тұр. Соған сай мамандар жаңа жобаны қолға алмақ. Мәди СӘРПЕКОВ, ОБЛЫС ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бүгінге біз IT –тергеу деген жоба әзірледік. Осы нақты алаяқтарды ашуға да, жобамыз толығымен жүзеге асса әшкеоелеуге өте тиімді. Себебі қазір көп әрекеттер телефон арқылы жасалады. Яғни интернет қолдану арқылы. Прокурорлар қазір тергеу саласын жетілдіру мәселесіне ерекше ден қоюда. Сала мамандарының біліктілігін арттыру да басты назарда. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
ТЖМ құтқарушысы Alash Pride лигасының чемпионы атанды
Семей қаласындағы мұғалімнің құлауы: облыстық білім басқарасы мәлімдеме жасады
Қармақшы ауданында браконьердің көлігінен 12 қап киік мүйізі табылды
Қазақстандық поездарда интернет 2025 жылы басталады
Күн күрт суытады
Шырша бар, бірақ оны орнатуға қаражат жоқ – қызықты деректер
Қалай eGov Mobile қосымшасы арқылы газға қосылу үшін өтініш беруге болады?
«Ауылымнан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы болғым келеді» – Алматыда AUYL SPORT-2024 республикалық турнирі өз мәресіне жетті
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Ешкім сатып алған жоқ – экс-әкімнен тәркіленген мейрамхананың тағдыры не болмақ?
Қарағанды облысында автобус өртеніп кетті
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында жұмысшы көз жұмды
Ақтаудағы кәсіпорында жұмысшы қаза тапты
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында жұмысшы қаза тапты
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
Қарағандыда автобус өртенді
Қуаныш Сүлейменов Абай облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды
Қазақстандық ауыр атлет рекорд орнатып Азия чемпионы атанды
ТЖМ құтқарушысы Alash Pride лигасының чемпионы атанды
Астана тұрғыны танысынан кек аламын деп басы дауға қалды
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
МАЭК-те жұмысшы қаза тапты
Алматыда ескі жылу құбыры жарылды