Қызылорда облысында 9 түйені атып, сойып алған қылмыстық топ ұсталды

Қызылорда облысында мал ұрлығымен айналысқан 24-30 жастағы қылмыстық топ мүшелері далада жайылып жүрген жерінен 9 түйені атып, сойып алып кеткен.Қызылорда облысы полиция департаменті және Қазалы аудандық полиция бөлімінің жедел уәкілдері түйе ұрлаған күдіктілерді қолға түсірді. Биыл ақпан айында Әйтеке би кентінің тұрғындарынаң арыз түсті. Онда түйе малдары қолды болғаны айтылған.Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде қаншама малды қолды еткен ұрыларды анықтады.«Тексеру барысында олардың 9 түйені далада жайылып жүрген жерінен атып, сойып алып кеткендігі белгілі болды. Қылмысқа күдікті ретінде 24-30 жастағы азаматтар ұсталып, бөлімнің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айғақ зат ретінде аңшы мылтығы мен оның патроны, пышақтар, мал терісі алынды. Қазіргі таңда күдіктілерге қатысты ұрлық дерегі бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен. Полиция қызметкерлері күдіктілердің облыс аумағындағы басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматыда жаңа үлгідегі 21 мектеп салынып жатыр
Тыныштық пен келісімнің мекені
Тоқаев “Қазақстан темір жолы“ басшысы Сауранбаевты қабылдады
Елімізде -27°C-қа дейін күн суытады
Лос-Анджелесте өрт қоюшы күдікті ұсталды
ПАТОЛОГИЯСЫ БАР БАЛАЛАРҒА БІЛІКТІ КӨМЕК
Доллар бағамы тағы көтерілді
Тарихи алтын: Дінмұхаммед Райымқұлов фристайл-акробатикадан жеңімпаз атанды
Қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау – маңызы зор мамандық
Алматыда есептеу құралдары жоқ тұрғындарға суды тұтыну нормалары өзгерді
Енді елімізде дәрі QR-код арқылы беріледі
Президент Нұрлан Сауранбаевты қабылдады
Мектеп асханаларында тұз бен қант мөлшері азайтылады
Алматыда полиция есірткіге қарсы әлеуметтік жарнаманы шығарды
Криштиану Роналду 2026 жылғы Әлем чемпионатына қатысты жауап берді
Криштиану Роналду: Еурода ойнағым келеді
Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері өзгерді
Калифорниядағы Болашақ стипендиаттары қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырылды
Президент әлемге белгілі кәсіпкер және жасанды интеллект саласындағы сарапшы Ли Кай-Фуды қабылдады
Комментарийдің жазасы
Тоқаев Мағауиннің отбасына көңіл айтты
180 млн-нан 1,5 млрд теңгеге дейінгі шығындар: Қазақстанның ең тиімсіз мемлекеттік компаниялары
Қазақстанда биыл жинақтаушы зейнетақы өседі
Алматыда трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері сотталды